Жылыойда мектеп асханасы жаңғыртудан өтті
Жылыой ауданына қарасты Жаңа Қаратон кентіндегі №22 мектеп асханасы жаңғыртудан өтті, деп хабарлайды Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Аталған жұмыстарды «ТОО Partners Group» мекемесі бір ай көлемінде жүргізсе, жоба құны 33 миллион теңгені құраған.
-Асхананың есігінен бастап, төбеде ілінген жарық шамдарына дейін бәрі өзгерді. Тіпті, қол жуғыш пен әжетхана да жаңартылды. Сондай-ақ, асханаға арналған жаңа құрал-жабдықтар мен үстелдер қойылып отыр. Жаңғырту жұмысына тапсырыс беруші №22 мектептің басшылығы. Бұл жұмыстар Amanat партиясының сайлауалды бағдарламасы негізінде жасалған болатын. Ал бала санына келер болсақ, мектептегі оқушы саны 846, оның ішінде 1-4 сыныптағы 373 оқушы және әлеуметтік жағдайы төмен 35 оқушы тегін тамақтанады,- деді Жаңа Қаратон кентінің әкімі Сансызбай Баймұратов.
Айта кетейік, мектеп асханасында «Мамбетова» жеке кәсіпкерлігі қызмет атқарады.