Жылыойда 5-7 сәуір аралығында қоғамдық көліктер тұрғындарды тегін тасымалдайды

9e5be357 af08 4f07 acb5 c0dc4f30f21e Жаңалықтар

Жылыой ауданында 5-7 сәуір аралығында қоғамдық көліктер тұрғындарды тегін тасымалдайды, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Құлсары қаласында қалаішілік 12 бағыт бойынша 33 автобус болса, ауыларалық 6 бағыт бойынша 6 автобус бар. Жолақысы қала ішінде 50 теңге болса, ауылдық округтерге 150-330 теңге аралығында.

-6 сәуір – «Теңізшевройл» мекемесінің құрылғанына 30 жыл толады. Осыған байланысты мерейтой қарсаңында «Теңізшевройл» мекемесінің ұйымдастыруымен 5, 6, 7 сәуір күндері Құлсары қалаішілік және кент, ауылдық округтерге қатынайтын қоғамдық көліктер тұрғындарды тегін тасымалдайды,- деді аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ержан Хайноллаев.

Айта кетейік, Жылыой ауданында халық саны 86209 болса, Құлсары қаласында 65810 тұрғын бар.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз