Жарнама
Жаңалықтар

Жылыойда 3 мыңға жуық үй тасқыннан зардап шекті

Қазіргі уақытта Атырау облысы Жылыой ауданында қоғамдық штаб жанында жұмыс істеп жатқан азаматтар тасқыннан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек үлестіру, несие төлемі уақытын кейінге шегеру, суға кеткен үйлерге бағалау жұмыстарын жүргізу, мемлекет тарапынан берілетін материалдық көмекке құжаттар жинақтау бойынша кеңес беруде. Бұл туралы облыстық жедел штаб хабарлады.

–Суға кеткен үйлердің ішінде екінші деңгейлі банктерде кепілдікте тұрған, құжаты жоқ үйлер де бар. Біз қазір осындай үйлерге де бағалау жүргізу бойынша кеңес беріп, тұрғындарға бағыт көрсетудеміз, — деді Жылыой ауданының қоғамдық штаб төрағасы Ерқұл Дәулетбаев.

26 сәуір күнгі ақпарат бойынша, Жылыойда 2920 үй және 19 көп пәтерлі тұрғын үй (820 пәтер) суға кеткен. Ал тасқыннан зардап шеккен 3591 тұрғын 100 АЕК көлемінде бір жолғы материалдық көмек алды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button