Жылыой ауданының 95 жылдығы аясында көрме – жәрмеңке өтті

img 9841 Жаңалықтар

Жылыой ауданының 95 жылдығы аясында жылыойлық қолөнер шеберлерінің көрмесі және жәрмеңке өтті, деп хабарлайды atr.kz тілшісі аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Өнерлі өрен – өлке мақтанышы» атты көрмеге жылыойлық қолөнер шеберлері дайындаған зергерлік және сәндік бұйымдар, өлкенің көрікті жерлерінің суреттері мен макеттері және жылыойлық ақын-жазушылардың кітаптары қойылды.

img 9843

Сондай-ақ жылыойық кәсіпкерлердің өнімдері мен ауыл шаруашылығы өнімдері қойылған «Жылыой жәрмеңкесі» атты жәрмеңке ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде ауданның 20-ға жуық кәсіпкерінің сан түрлі өнімдері көпшілікке ұсынылды.

img 9842

Мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласып, көрме-жәрмеңкені тамашалауға келген тұрғындарға аудан өнерпаздары мерекелік көңіл-күй сыйлады. 

img 9839

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз