Жылыой ауданында «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы ашылды
Жылыой ауданында «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы ашылды, деп хабарлайды atr.kz тілшісі аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Орталықтың ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Жұмабек Қаражанов мұндай нысан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бұқаралық спортты дамыту және қазақстандықтардың өмір сүру жасын ұзарту тапсырмасына сай ашылып отырғанын айтты.
«Белсенді өмір сүру орталығы» жасы ұлғаюына байланысты өз бетінше қызмет көрсетуге арналған және зейнеткерлік жастағы адамдардың физикалық және психикалық денсаулығының ұзақтығын арттыру үшін белсенді, мәдени, шығармашылық, спорттық және іскерлік өмірге әлеуметтендіруді жүзеге асыру үшін ұйымдық құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие мекеме болып табылады.
«Белсенді өмір сүру орталығы» ашылуымен қатар осы салада қызмет атқаратын әлеуметтік сала қызметкерлерінің мерекесі болып табылады барша жиынға қатысушыларды мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!»
Әлеуметтік салада елеулі еңбек етіп жүрген мамандарға аудан әкімінің алғыс хаты табысталды. Мерекелік кеш ауданымыздың Ардагерлерінен құралған ұжыммен концерттік бағдарламаға ұласты.