Жарнама
Жаңалықтар

ЖЫЛҚЫ ЖЫЛЫНЫҢ ҮШЕМДЕРІ

Үшемнің анасы Ирина Сафиеваның жүзі жарқын. Отбасында  бұрын бір қызы болса, енді жылқы жылында шаңырақ қуанышын үш сәби толтырып отыр. Иринаның өзі  шетелдік компанияда  бас есепші болып  жасаса,  ері  Найль  Қарабатанда   электрик болып қызмет етеді екен. 

 Жас ана мен әкенің қуаныштарында шек жоқ. Үшем сәбилерінің есімдері де қойылған.  Қыздарын  Радмира, Милана деп қойса, ұлын Темірлан деп атаған.

— Енді бірер күнде үйге шығып, ағайын-туыс, ұжымдастардың басын қосып,  сәбилерімізге арнап,  қуанышты тойымызды  жасамақпыз, — дейді Ирина жүзі  бал-бұл жанып. 

 Айнұр Жұмашеваны да  қуанышты жағдайда кездестірдік. «Жұлдыз» ықшамауданының тұрғыны  Айнұрдың отбасында  үш ер бала  өсіп келеді екен. Енді олардың жалғасы болып, өмірге Аман, Есен, Жүрсін атты үшем інілері келіп, шаңырақ қуанышын бұрынғыдан да  шаттандыра түскен. 

Сәбилердің әкесі Медет ішкі істер бөлімінде істесе, Айнұр әлеуметтік салада жұмыс жасайды екен. 

Перзентхананың бөлім меңгерушісі  Ақерке Елеубаева, аға мейірбике  Гүлнәзи Шантемірова  аналар мен үшемдердің денсаулықтарының жақсы екендігін, енді санаулы күннен кейін отбастарына қуанышпен шығарып салатындықтарын айтады.

Біз перзентханада жылқы жылының басында дүниеге келген үшем сәбилердің іңгәлаған үндерін естіп, ақ желеңді  дәрігерлер мен мейірбикелердің оларға деген қамқорлықтарының  куәсі болдық. 

Ғайнолла ЗИНУЛЛИН.

Суреттерді түсірген 

Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button