Жарнама
Жаңалықтар

«Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» конкурсына құжат қабылдау басталды

2023 жылдың 15 сәуірінде — «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» Республикалық конкурсына құжат қабылдау басталды.

Конкурстың негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметтің беделін арттыру, мемлекеттік басқарудың озық тәжірибесін тарату және қызметшілерді ынталандыру. Конкурсқа қатысуға кемінде үш жыл мінсіз мемлекеттік қызмет өтілі бар «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері жіберіледі. Конкурсқа мемлекеттік қызметші мемлекеттік орган басшысының ұсынуы бойынша қатыса алады.

I кезең – Өңірлік конкурстық комиссиялармен өткізілетін өңірлік (облыстық) деңгейдегі конкурс. Өңірлік конкурстық комиссия (бұдан әрі – Өңірлік комиссия) мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрайды және ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) аумақтық департаменттерінің жанынан құрылады. Өңірлік комиссияның құрамына қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, мемлекеттік органдардың басшыларынан және өзге де тұлғалар енгізіледі. Құжаттар 2023 жылғы 15-30 сәуір аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департаментінің электрондық пошталары (gossluzhba2017@mail.ru) арқылы қабылданады.

Қажетті құжаттардың тізімі:

1) Конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік органның ұсынымы;

2) Конкурсқа қатысушының қызметтік тізімі.

II кезең – Республикалық деңгей. Екінші кезеңде республикалық комиссия қатысушылардың презентациясын тыңдау мақсатында Агенттікпен белгіленген мерзімде кандидаттармен әңгімелесу өткізеді. Презентация қорытындылары бойынша Республикалық комиссия онлайн дауыс беруге жолдау үшін үздік ұсыныстарды іріктейді. Онлайн дауыс беру Агенттіктің әлеуметтік желілерінің парақшаларында жүргізіледі және республиканың барлық азаматтары қатыса алады. Республикалық комиссияның қорытынды отырысында конкурс жеңімпаздары айқындалатын конкурс нәтижелері туралы шешім қабылданады.

Конкурс жеңімпаздарын марапаттау «23 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметші күні» мерекесіне орай ұйымдастырылады. Толық ақпарат Агенттіктің ресми сайтында орналастырылған арнайы әдістемелік ұсынымда көрсетілген. Барлық сұрақтар бойынша 8 (7122) 52-26-48, 8 (7122) 52-28-16 нөмірлеріне хабарласуыңызға болады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button