«Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» байқауының өңірлік кезеңі өтті
Мемлекеттік қызметтің беделін арттыру, мемлекеттік басқарудың озық тәжірибесін тарату, үздік кәсіби білім мен дағдыларға ие үздік мемлекеттік қызметшілерді анықтау және оларды ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» байқауының өңірлік кезеңі өтті.
Аталған байқауға облыс бойынша 11 мемлекеттік қызметші өтініш білдіріп, бастапқы кезеңде эссе жазып, кейстік тапсырманы орындады.
Бұдан әрі, іріктелген кандидаттар өңірлік комиссияда әңгімелесуден өтті.
Нәтижесі бойынша Ережеге сәйкес үздік 2 кандидат, Атырау қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары – М. Камзин және Махамбет ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, жұмылдыру даярлығы және төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Г. Төлегенова Республикалық кезеңге жіберілді.
Атап өту қажет, кәсіби мереке қарсаңында жыл сайын «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» Республикалық конкурсы өткізіліп, саладағы үздіктерді анықтап, марапаттау ұйымдастырылады.