Жарнама
Жаңалықтар

ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 25 ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК

Атырауда соңғы бес айда 2 145 пәтер пайдалануға берілді. Бұл туралы брифинг барысында Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов мәлімдеді, деп хабарлайды Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Облыс бойынша биыл тұрғын үйді пайдалануға беру жоспары 904 мың шаршы метрді құрайды. Қазір бюджет есебінен 3164 пәтерлік 51 үй (280,5 мың шаршы метр) салынуда. Жыл аяғына дейін 25 үйдің құрылысы аяқталады. Сондай-ақ, жеке мекемелер тарапынан коммерциялық баспана құрылысы да қарқын алуда. Бұл бағытта жалпы ауданы 200 мың шаршы метрге жуық үй пайдалануға берілмек» деді спикер.

Әйтсе де, түйткілді мәселелер де жоқ емес. Оларды шешу үшін 2021-2025 жылдарға арналған Атырау облысы дамуының кешенді жоспары бекітілген.

«Облыс бойынша тұрғын үйге мұқтаж 26 947 азамат кезекте тұр. Соңғы жартыжылдықта 142 отбасы баспаналы болды. Жыл соңына дейін 701 жанұя баспана бақытына кенеледі деп күтілуде. Ал, жеңілдетілген несиемен үй сатып алуға арналған «Бақытты отбасы» бағдарламасы (жеңілдік мөлшерлемесі 2%, бастапқы жарнасы 10%) аясында биыл облысқа 394 лимит бөлінді» деп нақтылады Қайрат Әскербекұлы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button