Жүздеген атыраулық емханада таңдау жасады
Atr.kz/9 маусым, 2019 жыл. Атырау қалалық №7 емханасында орналасқан №92 сайлау учаскесінде қазірге дейін 700 сайлаушы келіп, өз таңдауын жасады.
Аталған сайлау учаскесінде негізінен 800 сайлаушы тізімге енгізілген. Емхана директоры Сағытжан Айдаралиевтің айтуынша, тіркеудегі қалған азаматтар науқан біткенше дауыс беріп үлгереді.
– Бұл сайлаудың маңызы өте зор. Ел болашағының жарқындығы жолында әркім өз таңдауын жасауы маңызды. Бұл ретте біздің тұрғындар өте белсенділік танытуда. Байқаушылардың айтуынша,сағат 7.00-де сайлау басталғаннан бері еш олқылық болмады. Наразылық білдірушілер де жоқ. Әр адам заңды түрде өз таңдауларын жасауда. Қазақ елінің бүгінге дейін жүріп өткен жолдарын әрі қарай дамытуда ел азаматтарын бір арнаға тоғыстыра алатын кандидатқа сенім артып, бұл сайлауда мен де өз даусымды бердім,-дейді Сағытжан Жанқылышұлы.
Сайлаудың маңыздылығын баса ұғынғандардың бірі — Манарбек Сирашев. 33 жастағы бұл азамат сайлау учаскесіне ертемен келіп, ең бірінші дауыс берді.
Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ