Жуырда 5546 әскери бөлімінде «Ашық есік» күні өтті

скерид¦ леуметт¦к жа дайы Жаңалықтар

Мұнда Батыс аймағының әскери прокуроры, әділет полковнигі Жанболат Аекенов бөлімнің әскери қызметшілерімен, олардың отбасы мүшелерімен кездесу өткізді. Батыс аймағы әскери прокуратурасының жасаған жұмысы баяндалып, әскери отбасылардың әлеуметтік-тұрмыстық мәселелеріне қатысты қойылған сұрақтарға жауап берді.       Әскери қызмет қашан да қауырт. Сондықтан, ол уақыттың өлшеміне симай жатады. Алайда, олардың да проблемалары бар. Мәселен, Жанаргүл Мекетаева әскери қызметшілерге сыйлықақының уақытында төленуі, еңбек демалысына шыққанда өтемақының берілуі турасында сұрады.

__скерид¦__ __леуметт¦к жа__дайы

– Барлық төлемдер заңдық негізде жүзеге асады. Мәселеге қатысты құрылым басшыларынан айрықша жауапкершілік сұралатын болады, – деді Жанболат Аекенов.

Батыс аймағының әскери прокуроры шара соңында келушілерді жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Ерболат ТОПАН,

5546 әскери бөлімінің қызметкері, аға лейтенант.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз