Жарнама
Жаңалықтар

«Жусан» операциясы жалғасады

Atr.kz/12 желтоқсан, 2019 жыл.  Ұлттық қауіпсіздік комитетінің терроризмге қарсы орталық штабы басшысының бірінші орынбасары Сергей Швейкиннің айтуынша, операциясы жалғасын табады.

«Жусан» операциясын жалғастырамыз. Әйтсе де, оның атауы өзгереді. Гуманитарлық операцияның көмегімен Сириядан 595 отандасымыз, оның ішінде 406 бала елге қайтарылды. Репатриация процесі әлі шегіне жеткен жоқ. Сондықтан бұл соңғы мәлімет емес. Оның 57-сі қылмыстық іске тартылған. Бүгінге дейін 3-9 жыл аралығында 24-і сотталды. 11 қыркүйекте елорданың мамандандырылған аудандық соты терроризмге қатысы бар деп айыпталған 14 адамға үкім шығарды» деді ҰҚК өкілі елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, террористік әрекетке қатысы жоқ әйелдер мен балаларды оңалту жұмысының арқасында 22 әйел зайырлы өмір салтын ұстанып, 33 әйел дәстүрлі исламға қайтқан.

Дереккөз: «Қаз Ақпарат»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button