Жүру тегін: Атырауда арнайы автобустар шығарылады

unnamed 1 COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/15 сәуір, 2020 жыл. Бұған дейін хабарлағанымыздай, 17 сәуірден бастап Атыраудағы қоғамдық көліктердің жұмысы уақытша тоқтатылады.

Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін және қаланың тыныс тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындардың қызметкерлерін жұмыс орындарына жеткізу мақсатында қала әкімдігі
уақытша арнаулы бағытта жүретін 6 маршрут ұйымдастырды:

1. Нұрсая ықшам ауданы. – Бейбарыс даңғылы – Маденов көш. – Сарайшық – Әбілқайыр хан – Құрманғазы көш. – Жастар көш. – Владимирский көш. – Әуезов көш. – Азаттық даңғылы – Махамбет көш. – Баймұханов көш. – Теміржол вокзалы

2. Балықшы – Құнанбаев көш. – Азаттық даңғылы – Махамбет көш. – Баймұқанов көш.- Теміржол вокзалы.

3. Бесікті – Талқайраң – Ақжар – Ақсай – Томарлы – Геолог – Амандосов көш. – Баймұқанов көш. – Теміржол вокзалы

4. Дамба кенті – Құрманғазы – Амангелді – Курилкин – Балықшы – Құнанбаев көш. – Азаттық даңғылы – Махамбет көш. – Бейбарыс даңғылы – Теміржол вокзалы

5. Еркінқала – Жастар көш. – Құрманғазы көш. – Сәтпаев көш. – Абай көш. – Махамбет көш. – Баймұқанов көш. – Теміржол вокзалы.

6. Теміржол вокзалы – Баймұқанов көш. – Амандосов – айналма жол – Тайманов көш. – Бегілдинов көш. – Құрманғазы көш. – Бейбарыс даңғ. – Маденов – Сарайшық – Әбілқайыр хан – Құрманғазы көш. – Жастар көш. – Сатыбалдиев көш. – Құнанбаев көш. – Азаттық даңғылы – Датов көш. – Баймұқанов көш. – Теміржол вокзалы.

Автобустарда «Тасымалдау әкімдіктен» деген жазу болады, маршрут нөмірі және барлық белгіленген аялдамалар арқылы маршрут бойымен өтеді.


Қозғалыс аралығы: 20-25 минут
Маршруттардың жұмыс кестесі:
07: 00-ден 10: 00-ге дейін және 17: 00-ден 20: 00-ге дейін, жүргізуші жұмыс күнін ұзартумен жолаушыларға қызмет көрсетуді соңғы аялдамаларда аяқтауы керек.


Жолаушылар тек жұмыс орнына және жеке басын растайтын құжат ұсыну арқылы тасымалданады.
Жолаушылар тасымалы – ақысыз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз