Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Жүргізуші куәлігін қалай аламын?

Atr.kz/14 шілде, 2019 жыл. Жақында жүргізуші куәлігін беру жүйесі өзгерді. Осы орайда, алғаш рет аталмыш құжатты алғалы отырған автокөлік жүргізушісі қандай қадамдар жасауы керек? Теориялық емтиханды қайда тапсыруға болады? Дайын құжат қай жерден беріледі? Көкейдегі маңызды сауалдардың жауабын арнайы мамандардан сұрап білдік. Сонымен…

 1

Ең алдымен, жеке басты куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі – авт.), медициналық анықтама мен курстарды аяқтағаны туралы куәліктің түпнұсқасы мен көшірмесі, 125 айлық есептік көрсеткіш көлемінде мемлекеттік баж төленгенін рас­тайтын құжаттарды мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына тапсыру керек.

2

Содан соң теориялық сынақ тапсыруыңыз қажет. Мұнда 40 сұраққа жауап беру үшін 40 минут беріледі. Сынақ сауалдарының кемінде 32-не жауап беру қажет. Сынақтан өте алмасаңыз, оған қапаланбаңыз. Өйткені, бір аптадан кейін тағы да екінші рет мүмкіндік беріледі. Егер бұдан да өте алмасаңыз, алты айдан соң кері тапсыруға болады.

3

Сөйтіп, теориялық сынақтан өттіңіз делік. Содан кейін тәжірибелік сынақ тапсыруыңыз қажет. Яғни, автодромда бейнебақылаумен жабдықталған автокөлікті 12 кедергіден өткізеді. Емтихан компьютер арқылы бақыланып, жазба жазылады. Әр жіберген қателік үшін күрделілігіне байланысты балл қосылып отырады.

4

Атап айту керек, сынақ алғаш жүргізушілік куәлігін алғанда, өзге санатқа тапсырғанда, сот қаулысымен жүргізушілік куәлігінен айырылғанда ғана өткізіледі.

5

Ал, жүргізуші куәлігін онлайн алу үшін электронды цифрлы қолтаңбаңыз болуы шарт. Компьютеріңіз ғаламтор желісіне қосулы болса, e.gov порталына кіріп, қызмет түрін таңдайсыз. Екіншіден, онлайн сұранысқа тап­сырыс бересіз, одан соң өзіңіз туралы мәлімет шығады (егер көлігіңіз болса, көлік салығының төленгені, айыппұлдың бар-жоғы, мүмкіндігіңіздің шектеулі еместігі туралы мәліметтер автоматты түрде расталады). Содан кейін қай мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығынан алуды таңдайсыз (мысалы: Атырау қаласы, Солтүстік өндірістік аймағы, 69). Төртіншіден, қан тобын көрсетесіз (мысалы: ІІ оң). Бұдан соң өзіңіздің фотосуретіңізді жүктейсіз (фотосуретті ұялы телефон арқылы да түсіруге болады, рұқсат етілген көлемі 20 кб аспауы керек.) Кейін қол қою үлгісін жүктейсіз (қол қойылған фотосуретті ұялы телефон арқылы да түсіруге болады, рұқсат етілген көлемі 16 кб аспауы керек). Келесі қадамда мемлекеттік баж төлейсіз (қолданыстағы банкомат карточкасындағы нөмірді банк өтінішіне енгізесіз, төлем мөлшері – 3226 теңге). Соңында цифрлы қолтаңбамен қол қоясыз.

Бір сағаттың ішінде қызметтерді алу тарихына құжатыңыздың дайын екендігі жөнінде хабарлама келіп түседі. Сол арқылы өзіңіз таңдаған мекен-жай бойынша дайын құжатты ала аласыз.

6

Ескерте кететін жайт, бұл тек жүргізуші куәлігіңіздің мерзімі бітпей тұрғанда жасалуы керек. Егер куәлік мерзімі бітсе, дәрігерлік тексерістен өтуіңіз шарт.

Related Articles

One Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button