Жұқпалы дертті жеңудің жолы

9 2 750x421 1 Жаңалықтар

Пандемия басталғалы облыста 25 431 адамнан коронавирус анықталса, науқастардың 95 пайызы сауығып шыққан. Алайда вирусты жұқтыру көрсеткіші әлі де жоғары болып отыр. Адамдардың екпе алуға құлықсыздығы қауіптің бетін сейілтер емес.

Өңірімізде екпенің 4 түрі болса, «Спутник V» вакцинасын 68 695, «QazVac» 1 164, «Hayat-Vax» 6 417, «CoronaVac» 215 адам салдырған. Ал екінші компонентін алғандардың саны – 40 334. №7 қалалық емхана директоры Гүлнафис Таңбаеваның айтуынша, облыс орталығы, аудандардағы барлық егу пункттері еңбек демалысы маусымына қарамастан қарқынды жұмыс жасайтын болады.

– Коронавирус инфекция – сын жеңудің бірден-бір жолы екпе екені айтылып, жүйелі түрде түсінік жұмыстары жүргізіліп келеді. Екпенің маңыздылығы сол, халықтың 60, 70 пайызы вакцина салдыратын болса ат алған ауруға қарсы ұжымдық иммунитет қалыптасады. Жеке басын ғана емес, жақындарын да қауіпті, жұқпалы дерттен қорғау адамның өз қолында екенін ұмытпағаны жөн. Осы жылдың ақпан айынан бастап бүгінгі күнге дейін аймаққа 120 200 доза вакцина жеткізіліп отыр. Оның 76 491-і, яғни 68 пайызы игерілген. Атап айтар болсақ, Ресейде өндірілген «Спутник V» 92 700 дозасы, 2000 қазақстандық «QazVac», 18 500 доза «Hayat-Vax», «CoronaVac» (өткен аптада жеткізілген) вакциналарының 7000 дозасы бар, – деді емхана басшысы.

Екпені салудың 8 пункті белгіленіп, оның ішінде алғашқылардың бірі болып медицина қызметкерлеріне салынған. Одан соң балалармен тығыз жұмыс жасайтын ұстаздар қауымы мен студенттер бастап алған еді. Халықпен жұмыс жасайтын ішкі істер саласы және өзге де жабық әлеуметтік мекемелер қызметкерлеріне, сондай-ақ созылмалы аурулары бар диспансерлік есептегі науқастарға да екпе бірінші кезекте салынған. Гүлнафис Таңбаеваның айтуынша, қазіргі кезге дейін вакциналау жұмыстарын жүргізу үшін облыс бойынша 41 екпе кабинеті ашылған. Олардың екеуі Теңіз кен орнында болса, «Тамаша», «Көктем», «Атырау», «Байзар» және «Дина» сауда ойынсауық орталықтарында бір-бір пункттен орналасқан. Халыққа қызмет көрсету орталығы – 1, қала мен аудандық емханаларда – 23, сонымен қатар жылжымалы 10 екпе салу бекеті бар. №2 облыстық аурухана дәрігерэпидемиологі Руслан Қайыржанов қазіргі кезде індет жұқтырған 212 науқас ем қабылдап жатқанын айтты. Олардың 20-сы жансақтау бөлімінде.

А у р у х а н а к о р о н а в и р у с т ы қ инфекцияның ауырлық дәрежесіндегі науқастарға сапалы медициналық көмек көрс ету үшін 100 пайыз орталықтандырылған оттегі стансасымен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар жоғары ағынды оттегі терапиясын жасауға арналған жабдықтар бар. Ауыр халдегі науқастар үшін оттегі аппараттары кереует санына сәйкес қарастырылған. Аурухана бөлімшелері індет жұқтырғандарға медициналық көмек көрсететін болғандықтан біздің қызметкерлер инфекция көзі ретінде саналады. Сондықтан, қызметкерлер арасында екпе салу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Вакцинаның артықшылығы туралы жан-жақты айтылып отыр. – Коронавирустық инфекцияның алдын алудың бір ғана жолы бар. Ол – екпе алу. Санаулы адамдардың екпе салдыруымен біз бұл індеттен құтыла алмаймыз. Жұдырықтай жұмылғанда ғана жұқтыру көрсеткіші азаятын болады. Дәрігерлердің негізгі міндеті адам өмірін арашалау болса, тұрғындарға да санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау міндеті жүктелген. Бастысы, екпе алуға бейжай қарамай, уақыт оздырмай, бойыңызда иммунитет қалыптастырыңыз, – деді дәрігерэпидемиолог. Ерекше атап өтерлігі, былтыр індет күшейген маусым, шілде, тамыз айларында оттегі стансаларының болмауы біраз қиындық туғызса, бүгінде 8 оттегі стансасы салынып, олқылықтың орны толған. Науқастарға көмек көрсету деңгейі де өткен жылмен салыстырғанда біраз жақсарғаны белгілі болды. Дәрілердің қоры бар. Бірақ басты мәселе – коронавирустық инфекцияның даму ағыны жоғарылап, мутацияланып, түрлерге бөлінуде. Елге 5-6 адамға бірден жұғатын «үнділік» штамм да келіп жетті. Бұл вирусқа вакцина алып уақытылы тұсау салмасақ, түртүрге бөлініп, қауіптілігі де көбейіп барады. Сондықтан «ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеп» вирусқа қарсы екпе алғандардың ұтары көп.

Мәлике ҚУАНЫШЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз