Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Жұмыссыз қалған жағдайда…

Atr.kz/11 тамыз, 2020 жыл. Бүгінде жұмыссыз ретінде тіркеу «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асады. Бұл ретте әркім үйінде отырып-ақ, онлайн түрде, әрі оңай шарттарды орындай отырып, тіркеле алады. Ол үшін қайтпек керек?

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Атырау облыстық филиалының баспасөз хатшысы Нұрлыбек Бақтығалиұлының айтуынша, ең алдымен Egov.kz порталына кіру қажет. Іздеу жолы арқылы «Жұмыссыз ретінде тұлғаларды тіркеу» қызметін табады да қызметті онлайн сұрату батырмасын басады. Тіркелуші өзі жайлы мәліметтерді толықтай толтырады. Қажетті бөлімді таңдап, мекен-жайды растауы қажет. Екінші қадамда жұмыссыз қалғаны, білімі және жұмыс өтілі туралы деректерді жазады. Ал, үшінші қадамға өткенде өтінішке электронды цифрлы қолтаңба арқылы қол қояды. Өтініш мәртебесін жеке кабинеттегі қызметтер тарихынан бақылап отыра алады. Егер тіркелуші адамда «оралман» мәртебесі болса, жұмыссыз ретінде тек құзырлы орынға белгіленген құжаттарды тапсыру арқылы тіркелу қажеттігін ұмытпауы маңызды.

– Бұл тізімнің қатарында өтініш, жеке басын куәландыратын, егер бар болса еңбек қызметін растайтын құжат бар. Сондайақ, білімі, біліктілігі, арнайы білімінің болуы немесе кәсіптік дайындығы туралы құжаттар бар болса, оны да өзімен бірге мекемеге ала баруы тиіс, — деді Нұрлыбек Бақтығалиұлы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button