Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Жұмысшылардың мүддесі — басты кезекте

«Қазтехмұнайсервис» және «Мұнай клік» ЖШС жұмысшы-қызметкерлері жалақыларының аздығын айтып, шағымданып келген болатын. Бүгінде олардың талабы кәсіподақтың араласуымен оң шешімін тауып отыр. Бұл туралы Атырауға іссапармен келген еліміздің Кәсіподақтар федерациясының трағасы Сатыбалды Дәулеталин баяндады. Өңірімізге еңбек дауларының туындау ықтималдығы бар кəсіпорындарды аралау, əлеуметтік шиеліністердің алдын алу мақсатында келген аталған федерация төрағасы Сатыбалды Дəулеталин еңбек адамы үшін кəсіподақ есігінің əрдайым ашық екендігін айтты.

– Əділетсіздік орын алып, еңбек дауы туындаған жағдайда алдымен кəсіподаққа жүгіну керек. Бүгінде қоғамдық ұйымның 2 млн.- ға жуық мүшесі бар. Біз əлеуметтік шиеліністерді болдырмауға, тең құқылы диалог қалыптастыруға ұмтылып келеміз. Осы іссапар барысында «Қазтехмұнайсервис» ЖШС жұмысшы-қызметкерлерінің жалақы мөлшері 35, «Мұнай көлік» ЖШС өкілдерінікі 4 пайызға өсетін болды. Сонымен қатар «Мұнай көлік» ЖШС қызметкерлерінің басшысын ауыстыру туралы талабы да орындалды. Жалпы бұл өңірде еңбек тəуекелдерінің картасына 14 кəсіпорын енгізілген, — деді Сатыбалды Телағысұлы.

Федерация төрағасы Атырауға сапары барысында аталған серіктестіктермен қатар «Қазпошта» АҚ облыстық филиалы басшылығымен кездесу өткізді. Аталған мекемелердегі əлеуметтік-еңбек қатынастарының өзекті мəселелері, оның ішінде жалақыны көбейту, вахталық ауысым кезеңі жəне тұтастай алғанда лайықты еңбек жағдайларын жасау мəселелері келіссөздердің негізгі тақырыбы болды. Кəсіподақтар федерациясы аймақтардағы əлеуметтік шиеліністерге тұрақты түрде мониторинг жүргізіп келеді. Жыл басынан бері елде 37 еңбек дауы тіркелсе, олардың көпшілігі кəсіподақтары жоқ кəсіпорындарда орын алған.

– Біздің мүшелік ұйымдар, аймақтардағы кəсіподақ орталықтары еңбек дауларының оңтайлы шешілуіне өз үлесін қосуда. Негізгі себептерінің бірі – жалақының төмендігі жəне еңбек жағдайларының нашарлауы. Бұл мəселелер біздің 2020-2025 жылдарға арналған стратегиямыздағы міндеттердің қатарында, — деді ірі қоғамдық бірлестік жетекшісі.

Кəсіподақтар федерациясы қазір ең төменгі жалақы мөлшерін біртіндеп көбейту, меншік түріне қарамастан кəсіпорындардағы жұмыскерлердің жалақысын индекстеуді заңнамалық тұрғыдан бекіту, «Дамушы елдерді ерекше ескере отырып, ең төменгі жалақыны белгілеу туралы» Халықаралық еңбек ұйымының №131 Конвенциясын ратификациялау бойынша жұмыс жүргізіп жатқаны белгілі болды. Осы жайларды баяндаған Сатыбалды Дəулеталин ұжымдық шарттың үнемі тиімді бола бермейтініне де тоқталды. – Ұжымдық шарттың мазмұны бойынша жұмыс барысында кəсіподақтар мен жұмыс берушілер арасындағы өзара іс-қимыл əрдайым тиімді бола бермейді. Тəжірибеде декларациялық сипаттағы ұжымдық шарттар да бар. Ұжымдық шарттардың сақталмауына бастауыш кəсіподақ ұйымдарының əлсіздігі мен кəсіподақ басшыларының жұмыс берушіге тəуелділігі себепші. Бастауыш кəсіподақ ұйымдары төрағаларының 86%-ы қоғамдық негізде жұмыс істейді. Экономикалық талаптарды қою кезінде кəсіподақ басшыларына табындылық, кəсібилік жетіспей жатады. Сондықтан жұмыскерлердің құқықтық біліктілігін арттыруымыз керек, — деді ол. Кəсіподақтар федерациясы төрағасы Сатыбалды Дəулеталин елдегі ең ежелгі мұнай өңдеу компаниясының бірі – Атырау мұнай өңдеу зауытында да болды. Өндіріс орнының бастауыш кəсіподақ ұйымына 2367 адам мүше. Бұл жұмысшы қызметкерлердің 98 пайызын құрайды.

Мəлике ҚУАНЫШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button