Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Жұмысқа алғызамын деп алдаған…

Atr.kz/5 тамыз, 2019 жыл. Атыраудағы Махамбет ауданы Алға ауылының тұрғыны алаяқтығы үшін сотталды.

Тергеу барысында анықталғандай, әйел Атыраудың 13 тұрғынын алдап, 50 мың теңгеге оларды «ҚазМұнайГаз» АҚ-на жұмысқа кіргізуге уәде берген. Алаяқ әйел әр жәбірленушіден алдын ала 30 мың теңге алған, ал қалған 20 мыңын олар қайтып келген соң төлеуге ұсынған. Алаяқ әйел ақшаны алғаннан кейін уәдесін орындамайды.

Ол бұрын да осыған ұқсас қылмыс үшін сотталған және екі жылға бас бостандығынан шектеу жазасын алған. №2 Атырау қалалық соты әйелді ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабында (Алаяқтық) қарастырылған қылмысты жасауда кінәлі деп танып, оған 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған.

«Сот үкімін шығарған кезде сот айыпталушының өкінгенін және оның кәмелетке толмаған 6 баласы бар екенін ескерді. Ол сонымен бірге алаяқтық жолмен алған ақшаны жәбірленушілерге қайтаруы керек», деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button