Жұмыс іздеп жүрсіз бе?
Atr.kz/22 тамыз, 2019 жыл. Атырау облысында жыл басынан бері 10 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды.
2019 жылдың 1 тамызына дейін жұмыспен қамту орталығына 14 420 адам хабарласып, оның 10 009 адамы тұрақты жұмыспен қамтылды.
Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Гүлболат Аманғалиева мәлімдеді.
– Әлеуметтік жұмыс орындарына 372 адам және ваканттық жұмыс орындарына 3 748 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында, жоғары және орта-кәсіптік оқу орындарын бітірген 714 түлек жастар тәжірибесіне жіберілді. Кәсіби оқуға 846 адам, «Бастау-Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқуға 784 адам жіберіліп, 121 адамға несие және 45 адамға мемлекеттік гранттар берілді.
Сондай-ақ, өңірде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтуде. 30-дан астам жәрмеңкеге 3 700 адам қатысып, нәтижесінде 1 808 адам жұмыспен қамтылды. Тағы 5 175 жұмыссыз ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберілді, дейді Гүлболат Аманғалиева.
Айта кетейік, жұмыспен қамту шаралары «Электрондық еңбек биржасы» ақпараттық жүйесі арқылы (www.enbek.kz) жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні дейін бұл жерге 415 бос жұмыс орындары және 13 908 түйіндеме жарияланған. Биылғы жылы электрондық еңбек биржасы арқылы 2 260 адам жұмысқа орналастырылды.
«Atr-Ақпарат»