Жұмыла көтерген жүк жеңіл
Atr.kz/28 шілде, 2020 жыл. Елімізде қалыптасқан ахуал баршаға белгілі. Індеттің етек алуы ауруға шалдыққандар санының күрт өсуіне алып келді. Алапат індет арамыздан қаншама асылдарымызды алып кетті. Әрбір отандастың қазасы – орны толмас ауыр қайғы. Облыс көлемінде алынған шұғыл да, қосымша шаралардың нәтижесінде шілде айының ортасынан бастап ауру көрсеткіштерінің біртіндеп төмендеуі байқалады. Жер шарын жайлаған індеттің құрбаны болған азаматтардың жанұясына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты телевизиялық үндеу жасағаны мәлім. Президент пандемияға қарсы күрес барысында барша қазақстандықтарды мазалаған проблемаларды айтып өтті. Үндеуге орай, облыстық мәслихат аппараты облыстық мәслихат депутаттары мен қалалық, аудандық мәслихат хатшылары арасында жиын өткізіп, бүгінгі күннің өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар берді. Пандемия кез келген саланың жұмыс тәртібіне өзгерістер енгізді. Осы ретте мәслихат сессиялары мен тұрақты комиссия отырыстары бейнебайланыс арқылы онлайн өткізілуде.
Облыстық және жергілікті мәслихаттар депутаттары ел басына күн туып, ер сыналар кезінде халық арасынан табылып, өз көмектерін ұсынуда. Олар түрлі деңгейдегі қайырымдылық акцияларына белсенді түрде қатысуда.
Депутат Ә.Жұбановтың көмегімен жергілікті атқарушы органдарға 2 млн. 300 мың теңгеге 10 тепловизор алынды. Сонымен қатар, Исатай және Махамбет аудандарындағы аз қамтылған, көпбалалы 90 отбасыға азық-түлік себетін алып берді.
Қалалық мәслихат депутаты Ә.Семғалиев жеке меншігіндегі 62 орындық «Пекин» қонақ үйін карантинге байланысты көмек ретінде ұсынып, бүгінгі күнде дәрігерлер мен медициналық қызметкерлер өз кезекшіліктеріне дейін сол жерде демалуда.
Бұл шақтың әсіресе, аз қамтылған, көп балалы отбасылар үшін оңайға соқпағаны анық. Осы ретте депутат Г.Сәдуақасова, С.Сұлтанов, А.Ғабдуллин, С.Идранов бірнеше отбасыларға азық- түлік себеттерін алып беріп, игілікті іске өз үлестерін қосты. Бұлардың қатарында инфекция ошақтарында жұмыс жасап жүрген дәрігерлерді ыстық тамақпен қ а м т у жұ м ы с т а рын ұйымдастырып, қорғаныш құралдарын, бетперде алып бергендері де баршылық.
Депутат М.Базарбай жергілікті кәсіпкерлерді жинап, Құлсары қаласын күнделікті дезинфекциялау жұмыстарын жүргізуді қолға алса, Е.Сапаров өңірлік тұрақтандыру қорына әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдерін атап айтқанда, бүгінгі күнге дейін 400 тоннаға жуық жоғары сортты бидай ұнын жеткізу жұмыстарын ұйымдастырды. Осындай қамқорлық шараларын тізбелеп айта беруге болар еді, себебі, мұндай істі жаны жомарт, пейілі кең адамдар жасай алады.
Ауруханаларда жасанды тыныстану аппараттары жетіспеуіне байланысты бір топ облыстық мәслихат депутаттары өз қаржыларына Түркиядан аталған аппаратты алу жөнінде ұйымдасқан б о л а т ы н . О б л ы с т ы қ мәслихат депутаттарының бұл ұсынысын қолдаған жерлестеріміз, Парламент мәжілісінің депутаты Б.Ізмұхамбетов, Парламент Сенатының депутаты Ғ.Дүйсембаев өз үлестерін қосты. Сөйтіп, үш күн ішінде өңірімізге 15 дана жасанды тыныстану аппараты келіп, аудандық ауруханаларға шұғыл түрде жеткізілді. Теңізге тамған тамшыдай болса да, халықтың дерттен айығуына ү л е с қ о с қ а н ы м ы з ғ а қуаныштымыз. Әрбір дені сау азаматтың пайда емес, сауап іздейтін кезі келді.
Халықты ауру дендеген кезде, бағаның шарықтауы, азық-түліктің, дәрі-дәрмек бағаларының жөнсіз өсуі тұрғындардың ренішін т у ғыз у д а . Бұ л ре т т е облыстық және қалалық, аудандық мәслихат депутаттарынан құрылған партиялық бақылау комиссия- сы азық-түлік өнімдері мен дәрі-дәрмектің бағаларына бақылау жүргізіп келеді.
Сондай-ақ, жұмыссыз-дықтың белең алмауын қамтамасыз ету барысында «Жұмыспен қамту-2020» жол картасының облыс көлемінде жүзеге асуын және осы жобаларда жергілікті халықтың жұмысқа алынуына бақылау жасаудамыз. Өңірде 63 жоба бойынша жұмыстар атқарылуы тиіс. Жұмыссыздарға жол картасы аясындағы и н ф р а қ ұ р ы л ы м д ы қ жобалардағы бос жұмыс орындары ұсынылып , жұмыспен қамту шаралары алынуда.
Пандемияның етек алып, адам өлімінің көбеюі халық арасында үрей туғызды, алып-қашпа әңгімелер к ө б е й д і . Д е п у т а т т а р баспасөз, әлеуметтік желілер арқылы тұрғындарды сабырға шақырып, ресми ақпараттармен бөлісуге күш салып келеді.
Ауруды жеңудің басты шарты – карантиндік режимді қатаң ұстану екенін әлемдік тәжірибе анық көрсетіп отыр. Осыған сәйкес, Атырау облысының Бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сай аудандарда құрылған мобильді топтар рейд жүргізу арқылы отбасылық жиын өткізу, шектеу уақытын бұзу фактілерін анықтап, тиісті органдарға шара алу үшін жолдауда.
Халықтың әлі де болса, түрлі жиындардан бас тартпай отырғаны өкінішті . Бұл жерде тиісті атқарушы органдармен бірлесе «халықтық бақылау» жүргізудің тиімділігі зор деп есептейміз. Әлбетте, халықты «жазалау», қорқыту арқылы үйде қалдыру тиімді шара деп айтуға болмас, себебі ұзаққа бармайды. Бұл жерде әр азаматтың саналылығы, жоғары жауапкершілігі, тіпті, сауаты мен мәдениет деңгейі шешуші роль атқаратыны сөзсіз.
Сонымен бірге, емдік шараларды ұйымдастыруда кемшіліктер жетерлік. Халық қалаулылары арқылы облыстық мәслихатқа түскен хаттарға көз жүгіртсек, жергілікті жерлерде арнайы стационарлар ашу, оларды медицина мамандарымен қамтамасыз ету, науқастарды дәрі-дәрмек, жасанды тыныс алу, рентген құрылғыларымен қамтудағы кемшіліктер айтылған. Бұл облыс бойынша ортақ мәселелер.
Облыс көлемінде мау- сым айының соңында аурушаңдықтың күрт өсуі денсаулық сақтау жүйесінің атқарған дайындық жұмыс- тарының жеткіліксіздігін к ө р с е т т і . О н ы ң б і р себебі, біздің медицина қызметінде індеттің пандемиялық таралуына қарсы жұмыс тәжірибесі болған жоқ. Осы орайда, өткен Кеңес дәуірінде қолданылған аса қауіпті жұқпалы және карантиндік ауруларға қарсы атқарылған жұмыстар тәжірибесін қайта жандандыру қажет пе деп ойлаймын. Осы індеттің кең таралу себептері жан-жақты зерделеніп, кеткен кемшіліктерден қ о р ы т ы н д ы ш ы ғ а р у , денсаулық сақтау саласының эпидемиялық жағдайға тыңғылықты дайындығын жасау – басты міндетіміз.
К ү н ө т к е н с а й ы н , халықтың бірлігі артып, қиындықтар да артта қалып келеді. Мемлекет тарапынан алынған қосымша шаралар мен гуманитарлық көмектің нәтижесінде халықты дәрі-дәрмекпен, сақтану құралдарымен қамтамасыз ету мәселесі шешілуде. Өздеріңіз көріп, біліп отырғандай, халықтың тарапынан дәрігерлерге қамқорлық акциялары жалғасып келеді.
Облыстағы еріктілердің жұмысын да айта кетуіміз керек. Қиын-қыстау кезде өз бастарын қатерге тігіп, дәрігерлермен бірдей жүрген еріктілердің жанқиярлық еңбегі қандай мақтауға да лайық. Адам жанына араша тұрудан артық қасиетті ештеңе жоқ, сондықтан еріктілерге бас иіп алғыс айтамыз.
Бәріміздің басымызға түскен ауыртпалықты қоғам болып, бірігіп іс-қимыл жасағанда ғанажеңетінімізге көзіміз жетті.
Өмірзақ ЗИНУЛЛИН,
облыстық мәслихат хатшысы