Жарнама
Жаңалықтар

Жұлдыз мөлтек ауданындағы «Шолпан» балабақшасына өтінім қабылдау басталды

Атырау қаласындағы Жұлдыз мөлтек ауданында орналасқан «Шолпан» балабақшасына өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жаңа жыл қарсаңында «Жұлдыз» ықшам ауданында «Теңізшевройл» ЖШС-нің «Игілік» ерікті әлеуметтік-инфрақұрылымдық бағдарламасы аясында ашылған 160 орындық балабақша бүгін бүлдіршіндердің өтінімін қабылдауды бастады.

— Балабақша 14, 15, 16 ақпан күндері жеңілдігі барлардың өтінімін қабылдайды. Яғни, көп балалы отбасылар, әскери қызметкерлердің балалары қамтылады. Ал 17 ақпан күні кезекте тұрған балалардың өтінімі қабылданады. Барлығы 160 орын қарастырылған. Қазір соның 5 орнына өтінім түсті,- деді балабсқша меңгерушісі Шарафат Ахметова.

Балабақша меңгерушісінің мәліметінше, 2 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға арналған балабақшада 7 топ бар. Олардың ішінде 3 ең кіші бүлдіршіндерге арналған 20 орындық топ, қалғандары 25 орынға арналған топ.

Сонымен қатар, көлеңкелі шатырлы жеті топтық алаң, спорт және ашық ауада іс-шаралар өткізуге арналған алаңдар көзделген. Балабақшада спорттық, гимнастикалық және музыкалық сабақтарды өткізуге арналған залдар да бар. Барлығы жаңа технологиялармен қамтылған.

Айта кетейік, балабақшада 45 қызметкер, оның ішінде 20 педагог, 26 техникалық қызметкер жұмыс істейді. Ал балаларды қабылдау indigo24.kz ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылуда.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button