Жүлде алған әріптестер
«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ Қазақстандағы қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында отандық БАҚ өкілдері арасында ұйымдастырған «Еркін сөз – 2022» байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері белгілі болды.
Олардың қатарында біздің де әріптестеріміз бар. Бұл жолы «Atyraý» газетінің аға тілшісі Салтанат Ақтәжиева Сәкен Орынбасарұлы атындағы, тілші Амандық Абдолов Нұрперзент Домбай атындағы арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Сондай-ақ, дарынды журналистерді анықтап, олардың қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға және қазақстандық этножурналистика саласын дамытуға қосқан үлесі үшін ынталандыру мақсатында өткізіліп келе жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының «Шаңырақ» республикалық байқауында «Прикаспийская коммуна» газетінің шолушысы Надежда Шильман І-ші орын, облыстық «Atyraý» газетінің тілшісі Амандық Абдолов ІІ-ші орынды иеленді. Әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!