Жолшылар Наурыз мерекесін тойлады

f5052e50 2270 42d1 b22d 9119aa6e1190 Жаңалықтар

Биыл атыраулық жолшылар Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесін ерекше атап өтті. 

«Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК АОФ, «ҚазАвтожол» ҰҚ АОФ және «ҚазақАвтожол» ЖШС қызметкерлері бірлесіп ақшаңқан киіз үй құрып, жол саласының ардагерлерін шақырып, сый-құрмет көрсетті. Жолшыларды құттықтау үшін Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев арнайы келді. 

«Наурыз мерекесі құтты болсын, әріптестер! Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт – береке, бақыт пен молшылық әкелсін! Облыстың жол саласын дамыту мақсатында жасап жүрген еңбектеріңіз ұшан теңіз. Әрқайсыңыздың үлестеріңіз орасан зор. Биыл да біраз жұмыс жасалады. Мықты денсаулық тілеймін.» 

Жол саласының ардагерлері де жиналғандарды мерекемен құттықтады, бата-тілектерін жолдады. Сейітжан Молдашев, жол саласының ардагері: 

«Наурыз- ертеден келе жатқан, шығыс халықтарының ерекше мейрамы. Жаңару күні, жылдың бастауы. Соңғы 2-3 жылда пандемия салдарынан бұл мерекеде қауыша алмап едік. Бүгін міне, көрісіп, бір-бірімізге жақсы тілектерімізді арнадық. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Наурыздан наурызға аман-есен жетейік.

«Мәдениет Рахметов, жол саласының ардагері: «Ақтың молаятын, Жарықтың ұзаратын, Нұрдың молаятын, Тіршіліктің жаңаратын, Өмірдің жаңғыратын, Пейілдің түзелетін, Көңілдің кеңейетін кезеңі – Наурыз мейрамы құтты болсын!»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз