
Жаңалықтар
Жолдар жабық: Атыраулықтарға ескерту жасалды
16 желтоқсанда Атырау облысында көктайғақтан Атырау-Астрахан тасжолы жабық тұр, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.
Бұл туралы құтқару қызметі тұрғындарға ескерту хабарламалар жіберуде.
Айта кетейік, синоптиктердің болжауынша, күні бойына бұлтты ауа райы сақталады. Желдің екпіні 19 км/сағ. Бүгін ауа температурасы -10° пен -3° аралығында болады.