Жарнама
Жаңалықтар

«Жолда қабылдау»: тұрғындардың өтініші қабылдануда

Атырауда 13 қыркүйек күні “Жолда қабылдау” республикалық акциясы Ақтөбе-Атырау-Астрахан республикалық маңызы бар тас жолының 576 шақырым тұсында өткізілді. Жергілікті полиция қызметі және Әкімшілік полиция қызметкерлері әртүрлі мәселелер бойынша келген тұрғындарға құқықтық кеңес беріп, ұсыныс-талаптарын тыңдады.

Айта кету керек, бұл акция халық пен полиция қызметкерлері арасында тығыз қарым-қатынас орнатуға және сенімділікті арттыруға бағытталған. Тәртіп сақшылары тұрғындарға, жол қозғалысына қатысушыларға заң аясында кеңес беріп, көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерге жол-көлік оқиғасының алдын алу және оны болдырмау мақсатында түсіндірме, профилакталық жұмыстарын жүргізіп, сұрақ қойған тұрғындармен кері байланыс орнатты.
Аталмыш шара 14 қыркүйекке дейін жалғасады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button