Жарнама
Жаңалықтар

Жолаушылардың жолдағы қауіпсіздігі талапқа сай сақталып отыр ма?

Биылғы 22 мамыр – 4 маусым аралығында облыс аумағында Жолаушылардың жолдағы қауіпсіздігі» жедел алдын алу іс шарасы өткізілді. Оның барысында көптеген кемшіліктің беті ашылды.

Осы кезеңде есепке алынған жол-көлік оқиғаларын саралау кезінде олардың орын алу себептері анықталған. Атырау облысы бойынша полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының командирі, полиция капитаны  Әділбек Шахметовтың айтуынша, жол-көлік оқиғалары  көп жағдайда  көлік құралын алкогольдік немесе есірткілік уытқұмарлық заттарды пайдаланып  басқарудың, жүргізушілердің жылдамдықты шамадан тыс арттыруының, тізгінде отырғанда тыйым салынған іс-әрекеттерге баруы (ұялы телефонмен сөйлесу, құлаққап киіз музыка тыңдау, т.б.), сондай-ақ, жаяу жүргіншілердің жолды белгіленбеген жерден қиып немесе кесіп өтуі салдарынан болатынына көз жекізілген.

Негізінен жол үстінде құқық тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатын көздеген іс-шара патрульдік полиция ротасынан 60-қа  қызметкер жұмылдырылған. Нәтижесінде, жолаушы тасымалымен және такси қызметімен айналысатын 602 автокөлік жүргізушісіне тиісті талапты бұзып, жолда жүру ережесін сақтамағаны үшін  хаттама толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тұтастай алғанда, жол қозғалысы ережелерінің бұзылуына жол берген 1 400-ге жуық  жеке тұлға әшкереленді. Олардың бәріне де хаттама толтырылып, әкімшілік жазалау шарасы алынды.  Сонымен қатар,  11 автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.

Сайып келгенде, республика көлемінде өткізілген бұл іс-шара жолаушылардың жолдағы қауіпсіздігінің талапқа сай сақталмай отырғанын көрсетті.

Дәулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button