Жарнама
Жаңалықтар

Жолаушылардың жолдағы қауіпсіздігі

Жолаушылардың жолдағы қауіпсіздігі қай уақытта да өзекті, күн тәртібінен түспейтін маңызды мәселе саналады. Ал, оны қамтамасыз етіп, жол-көлік оқиғаларының алдын-алып, санын азайтуда жыл сайын өткізіліп отыратын профилактикалық шаралардың атқаратын рөлі ерекше.

Солардың бірі  — ,,Жолаушылардык жолдағы қауіпсіздігі» деп аталатын жедел-профи лактикалық іс-шарасы. Нақтырақ айтқанда, республикалық маңызы бар жолдарда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолаушыларды тасымалдауды, оның ішінде шетелде тіркелген, елімізде бекітілген регламенттер мен стандарттарға сәйкес келмейтін немесе оның талаптарына жауап бермейтін, басқару жүйесі оң жақта орналасқан автокөліктерді бақылауды күшейту мақсатында  ұйымдастырылып отырған  іс-шара 22 мамырда басталып,4 маусымда аяқталады.  

— Акцияның алғашқы күнінде тәртіп сақшылары жолда жүру қағидаларын  бұзудың 150-ге жуық дерегін анықтады. Оның ішінде, жылдамдық режимін шамадан тыс асыру — 67, көлікті басқару құқығынан айырылған немесе мас күйде жүргізу — 1, шамадан тыс жолаушы тасымалдау — 3, балаларға арналған орындықтың болмауы — 14, жолаушының  қауіпсіздік белдігін тақпауы — 8, стандартқа сай емес жарық шамын орнату — 6, алдында келе жатқан көлікті  басып озу ережесін бұзу бойынша 5 дерек тіркелді. Бұған қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып,  қажетті құжаттар жинақталды

Жедел профилактикалық іс-шара одан әрі жалғасуда, — дейді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Мейірім Ердәулет.

Дәулетқали Аруев

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button