Жарнама
Жаңалықтар

ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

«Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің Өкімімен Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып Самат Қабайұлы Айтқалиев тағайындалды», -деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облысы әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов оны ұжымымен таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.

Самат Айтқалиев 1972 жылы Атырау қаласында туған. Білімі жоғары, Алматы автожол институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірген.

Алғашқы еңбек жолын 1994-1996 жылдары Атырау облысындағы Жол-пайдалану учаскесінде жол жөндеу шебері болып бастайды. 2001-2005 жылдары жеке кәсіпкерлікпен айналысады.
2005-2008 жылдары «Самнұр» ЖШС директоры, 2008-2010 жылдары «Нұржол» ЖШС директорының орынбасары болып еңбек етеді.
2011-2012 жылдары Атырау облысының құрылыс басқармасы Құрылыс және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту бөлімінде бас маман болып қызмет істейді.
2012-2013 жылдары Атырау облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаменті лицензиялау бөлімінің бас маманы лауазымында болады.
2013-2014 жылдары Мақат ауданы әкімнің орынбасары, «Атырау облысы бойынша құрылыс басқармасы» ММ басшысының орынбасары, 2014-2019 жылдары «Атырауинжстрой» ЖШС директорының техникалық орынбасары, бас инженер болып қызметтер атқарған.
2019-2020 жылдары «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ-да сапаны бақылау бөлімінің бас маманы болып жұмыс істейді.

С.Айтқалиев 2020 жылдан бұл лауазымға тағайындалғанға дейін «Самрук Казына Девелопмент» ЖШС Техникалық сүйемелдеу бөлімінде қадағалау жөніндегі сарапшы болып еңбек еткен.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button