Жарнама
Жаңалықтар

«Жол картасы» аймақтың экоахуалын жақсартады

*5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау және экологтар күні

Бүгінде өңірдің негізгі экологиялық проблемалық мәселелері зерделеніп, бірінші кезекте шешуін қажет ететін салалар айқындалып отыр.

Солардың ішіне Каспий теңізінің және Жайық өзенінің тартылуы, атмосфералық ауаға өндірістік зиянды шығарындылардың мөлшерін төмендету, көгалдандыру, топырақтың және жерасты суларының ластануы, қатты тұрмыстық қалдықтар мен елді мекендерді құм басу мәселелері ең өзекті де маңыздылары болып саналады. Осы қордаланған проблемаларды оңтайлы шешу мақсатында Атырау облысының әкімдігі Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, «Жол картасы» қабылданғаны да белгілі.

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұрлан Жантоқовтың айтуынша, картаға енгізілген, 2021-2025 жылдар аралығын қамтитын бұл жұмыстарға барлығы 38,3 млрд. теңге қаржы шығындау жоспарланды. Оның 34,1 млрд. теңгесін – республикалық, 4,2 млрд. теңгесін – жергілікті бюджеттен, қалған 9,7 млрд. теңгені жеке инвесторлардың үлесі есебінен бөлу қарастырылыпты.

Дәулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button