Жарнама
ЖаңалықтарМәдениетҚоғам

«Жігіт сұлтаны-2017» байқауының жеңімпазы анықталды

«Атырау» арнасы және қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Жігіт сұлтаны» жобасы өз мәресіне жетті.

IMG_7010

Бір айға созылған байқаудың өзге кезеңдері көгілдір экраннан көрсетілді. Сайыстың мақсаты – ата-салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу. Абыройлы атақ үшін сан түрлі сынақтардан өткен жарысқа сегіз үміткер қатынасты.

Байқау қорытындысы бойынша Нұрғиса Әзербаев және Қуандық Манап алғыс хатқа ие болып, 30 мың теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды. Ал, көрермен көзайымы атанған Жалғас Елшатқа «Төре» номинациясы, мақсатына жете білген Алтынбек Аяповқа «Қайсарлық», «Дарын» Жасар Нұрданбекке, «Ағатай» атағы Қуаныш Таңатаровқа, ерекше ерлігі үшін «Батыр» номинациясы Дәурен Тілековке бұйырды. Ал, «Жігіт сұлтаны — 2017» атағын Ербатыр Қызырәлі иеленіп, 200 мың теңгені қанжығасына байлады.

Шараның өтуіне атсалысқан Алмалы селосында орналасқан «Мекен» демалыс орнының басшысы Марсел Құрманбекұлы мен «Атырау» арнасының директоры Жанахмет Жәнібекұлы бастаған ұжымның еңбектері де ескерусіз қалған жоқ. Олар арнайы дипломмен марапатталды.

Гүлдана Жамбозова

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button