Жетістік негізі – білім мен бірлікте
Ел ертеңі, әлемді өркениетке жетелер білім көшінің жолбасшылары – дарынды ұрпақты тәрбиелеу – заман талабы. Жарқын болашаққа айқын мақсатпен жету үшін ой-санасы терең шәкіртке бағдарлы білім, бәсекеге қабілетті озық ақыл-ойды игертер саналы тәлім керек. Осы орайда облыс көлемінде тұңғыш ашылған дарынды балаларға арналған ұлттық гимназия ұстаздары атқарып жатқан елеулі еңбек пен еселі тәжірибелердің жемісін сөзге тиек ету маңызды деп білемін. Дана халық «Берекені көктен тілеме, еткен еңбектен тіле» дейді. Расында, алаш атқамінері, ел ағасы, мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейханов та: «Тіршілік – бәйге: жүйрік озады, шабан қалады» деп тегін айтпаса керек.
Қай заманда да уақыт сөресінен түспейтін ең маңызды мәселе, адамзаттың мәңгілік тақырыбы – ұрпақ тәрбиесі. Біздің мақсатымыз – ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру, ұлттық құндылықтарды әлемдік деңгейге шығарып, тәуелсіз мемлекет ретінде дамуымыздың алғышарты – білімнің биік беделін жоғарыға көтеру. Осы мақсатта талаптың тұлпарына мініп, білім көкжиегінің биік шыңына жетуді мақсат еткен ұлттық гимназия шәкірттері мен ұстаздары берекелі істің оң нәтижесін көрсетіп отырғаны – біз үшін зор жетістік.
«Талант дегеніміз – қабілеттіліктің, ал, данышпандық – дарындылықтың жоғары деңгейі» деп бағалар болсақ, сол сатының биігінде облыстық, республикалық, халықаралық ғылыми жобалардың, пәндік олимпиадалардың жүлдегерлері – ұлттық орданың шәкірттері тұрғанын мақтанышпен айта аламыз.
Биылғы оқу жылында облыстық пәндік олимпиада қорытындысы бойынша І орын – 13, ІІ орын – 21, ІІІ орын – 10 оқушы, барлығы – 43 орын, ғылыми жобалар байқауында І орын – 4, ІІ орын – 8, ІІІ орынға 6 оқушы ие болып, командалық І орынды жеңіп алды. Нәтижесінде, республикалық пәндік олимпиадада Смағұлова Мөлдір – (тарих) ІІ орын, ғылыми жобалар байқауында Қадыржанова Жансая (қазақ әдебиеті), Құсайын Азамат (биология) – ІІ орын, Бағытжан Азамат (өлкетану) ІІІ орынға ие болды.
Облыстық «Зерде» жобалар байқауында Болатова Данагүл (экология), Жұмабай Нұрай (орыс тілі), Бітімғалиева Дана (орыс тілі), Тынышқалиев Нұрдәулет, Марданова Перизат (әдебиет) жеңімпаз деп танылды.
Республикалық қашықтық олимпиадасынан қазақ әдебиеті пәні бойынша 14 оқушы қатысып, жүлделі І орын – 5, ІІ орын – 5, ІІІ орын – 4, Қазақстан тарихы пәнінен ІІ орын – 1, ІІІ орынды 1 оқушы иеленді.
Облыстық «Менің тілім!» эссе байқауында Манасқызы Аружан (І), Қадырбекова Дана, Салауатова Ақбұлақ (ІІІ), облыстық «Әбіш оқулары» байқауында Бекболатұлы Санжар (ІІІ), облыстық «Қадыр оқуларында» Сұлтан Бейбарыс (І), «Менің отбасымның бағы – елімнің мәртебесі» облыстық байқауынан Нұржанқызы Асыл (ІІІ), облыстық «Фариза» оқуынан Сұлтан Бейбарыс (ІІІ) жүлделі орындарды иемденді.
Облыстық «Жас физик» сайысында І орынды Сисенова Асылжан, Ержан Бексұлтан, Ғалиақбар Айберген, ІІ орындарды «Жас физик» Қарасаев Дәурен, «Жас химик» Мұсағалиева Мәдина, «Олимпис – 2017» Мырзағалиева Аружан, Әміржан Аманжан, Миронов Саламат, «Young scholars cup-2017» атты дебатта Иманғожина Айдана, Мағзомова Нұржамал, Қарасаев Дәурен жеңіп алса, «Полиглот» сайысында Жұбанова Гаухар ІІІ орынға ие болды.
Облыстық «Жарқын болашақ» олимпиадасында Қадыржанова Жансая, Манасқызы Аружан (ІІ), Болат Айкен (ІІІ), облыстық «Мөлдір бұлақ» отбасылық фестивалінде Кенжетай Камилла «Ұлағатты отбасы» аталымы бойынша жеңімпаз деп болып танылды.
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өткен І аймақтық «Әбіш оқулары» байқауында «Зерделеу жоба» аталымы бойынша Сисембаева Фариза ІІІ орынға ие болды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен ЮНИСЕФ-тің 70 жылдығына арналған «Балаға мейірімді Қазақстан» республикалық балалар мен жасөспірімдер форум-фестиваліне Ғасырбекова Ақгүл қатысты. Республикалық «Өзін-өзі тану» олимпиадасында Андрейқызы Ханзада (ІІ), «Астрономия-2016» аймақтық ІІІ астрономиялық конференциясында Сисенова Асылжан (ІІІ), «Менің бастауым – менің Қазақстаным үшін» республикалық шығармашылық жобалар байқауында Нұрсейіт Нұрсұлтан (І), ІІ халықаралық «Жадыра, жас дарын» республикалық байқауында Бекболатұлы Санжар(ІІ), «Айналдым, сенен, Атамекен!» республикалық патриот жастар байқауында Көркембаева Әсел, Ситжанова Жанайна, Амангелді Арай(ІІ), Балтабайқызы Айымкөз, Мағзомова Нұржамал, Қадырбекова Алтынай ІІІ орынды иеленді.
Гимназия оқушылары Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай оқушылар арасында өткен аймақтық «Зияткер» интеллектуалды байқауынан мектеп шәкірттерінен құралған команда – ІІ орын, «Атырау өңірлік роботтар олимпиадасында» – командалық ІІ орын, «Жол жас инспекторы» сайысында саптық жүрістен командалық ІІ орынды иеленді. «Инфоурок» халықаралық олимпиадасына биология пәнінен 28 оқушы қатысып, түгелдей І, ІІ орындарды, химия пәнінен 37 оқушы қатысып, 27 оқушы – І орын, 10 оқушы – ІІ орын, «Мириады открытий» халықаралық олимпиадасында 18 оқушы І орынды иеленді.
«Ереуіл атқа ер салған» алмағайып заманда даңқы көкке өрлеген Махамбет бабамызға арнап өткізілген республикалық, облыстық «Махамбет оқулары», «Мұқағали оқулары» «Абай-Шәкәрім оқулары», «Мағжан оқулары», «Жұмекен Нәжімеденов оқулары» сайыстарында көптеген шәкірттеріміз І, ІІ орындарды иеленіп жүр.
Бүгінгі күннің өзінде гимназия қабырғасында жүріп студент атанған шәкірттерімізді де ерекше атап өткіміз келеді. «Назарбаев университеті» білім грантына Иманғожина Айдана, «Ыбырай Алтынсарин атындағы қыздар мемлекеттік педагогикалық университеті» білім грантына Қадыржанова Жансая, Уфа университеті білім гранттарына Мырзағалиева Аружан, Нұрлығайын Балкен, Бағыт Арай ие болса, білім гранты жеңілдіктеріне ие болғандар – Қадыржанова Жансая, Қарасаев Дәурен – «Сүлеймен Демирел атындағы қазақ түрік университеті», Дарын Дана, Мұхамбетжан Рафхат – «Атырау мұнай және газ университеті», Қарасаев Дәурен, Құсайын Азамат – «Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті», Махсот Ақтоты – «Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті», Мысырғали Құралай «Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті» гранттарына ие болды.
Осының бәрі – ұстаздарымыздың тынымсыз еңбегінің жемісі. «Ұстаз – ұстаз емес, өз шәкірті үшін күймесе, шәкірт – шәкірт емес, өз ұстазын сүймесе» дегендей, әр шәкіртіне рухы биік кемеңгерлік пен даңқы асқан парасаттылыққа жетудің сара жолын үлгі етіп келе жатқан ұстаздарымызға қандай мақтау айтсақ та лайықты. Қазіргі заманда оқушыларға сапалы білім беруде мұғалімнің өзі де білім беру технологиялары саласында мықты дағдыларды игерген, жаңа технологияларды жетік пайдалана білетін және нақты әдістер мен стратегияларды қалай, қай жағдайда қолдану қажеттігі туралы білімді болуы қажет.
«Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман» деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей, еліміздің білім беру жүйесін жаңарту, жоғары сапалық деңгейге көтеру – әр мұғалімнің біліктілігі мен шеберлігіне байланысты. Бұл салада үздік танылып жүрген ұстаздар Бисенғалиева Гүлфайруз Алматы қаласында өткен «ІV Халықаралық информатика пәні мұғалімдерінің шығармашылық олимпиадасында» – ІІІ орын, Бекмамбетова Эльмира «Республикалық педагогикалық идеялар фестивалінде» – ІІ орын, Хасанова Жадыра Алғыс хатқа, облыстық «Әдістемелік идеялар салоны» фестивалінде Үржімбаева Шынар, Хасанова Жадыра – ІІІ орын , химия пәні мұғалімі Тәжіғалиева Бақыт «Үздік кабинет» облыстық байқауында – ІІ орын, республикалық қашықтық олимпиадаларында Уралова Гүлсім, Иманғалиева Пина, Жұмабаева Айгүл, Дармұқанова Аягөз, Сапиева Айжан, Аққайнанова Нұргүл – І орын, Ибрагимова Гүлмайра, Бисенғалиева Гүлфайруз, Абдулова Гүлжан, Үмбетәлиева Салтанат, Айдосынова Әлия – ІІ орын, Жұқабаева Гүлжан, Бекмамбетова Эльмира, Жулдаева Сұлупан, Үржімбаева Шынар, Жауынбаева Айнұр ІІІ орынға ие болып, ұстаздық еңбектің жемісін көрсетті.
«Саусақ бірікпей, ине ілікпейді» дейді дана халық. Жұмыла көтерген жүктің ауырлығын сезінбей, жетістіктің бал дәмін бірге тата білген гимназия ұжымы биылғы оқу жылында шәкірттерінің білім сапасының жоғарылығымен ерекшеленді. Оған себеп «Оқу жетістіктерін сырттай бағалау» (ОЖСБ) қорытындысы бойынша 9, 11-сыныптар облыс бойынша бірінші орынға ие болды.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны» дейді. Азаттық пен тәуелсіздіктің нұрлы шамын бірге жағып, адамзатқа еркіндік дәмін сездіре, ұлттық жаңғыруларымызды дер кезінде насихаттай білген ұлттық гимназия ұстаздары мен шәкірттерінің алар асу, шығар биіктері әлі де жалғасын табады деп сенім білдіремін.
Нұрлыбек Даумов,
Атырау облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназия директоры, Қазақстан педагогикалық ғылымдар
академиясының академигі,
«Құрмет» орденінің иегері.