Жерлеуден жемтік іздегендер жазасыз қалмауы тиіс
Atr.kz/28 шілде, 2020 жыл. Мемлекет басшысы жақында өткен Үкіметтік комиссия мәжілісінде аймақ басшыларына елді жайлаған пандемия кезінде ауруға шалдығып, қайтыс болған адамдардың есебінен пайда таппақшы болған алаяқтық әрекеттердің алдын алып, жерлеу қызметін атқаратын жұмысшылардың оның бағасын негізсіз өсіруіне жол бермеуді қатаң қадағалауды тапсырғаны белгілі.
« . . . К е й б і р п ы с ы қ т а р пайда табу үшін барлық адамгершілік қағидаттарын аттап өтіп, халықты алдау мен бопсалаудан тайынбайды. Мәйітханалар мен жерлеу қызметінде сорақы тірліктер жасалып жатыр. Тек соңғы екі аптада мәйітті тасымалдау және жерлеу үшін төленетін ақы шамадан тыс өсіп кеткен. Мұны көпшіліктің қалтасы көтере бермейді. Әкімдерге бір күн ішінде «жерлеуден жемтік іздегендерді» жөнге келтіруді тапсырамын» деді Президент.
Бұл тұрғыда, Атырау облыс- тық дін істері басқармасы тарапынан жерлеу рәсімдерімен айналысатын ұйымдардың қызметіне мониторинг жүргізілді. Басқарма басшысы Қайролла Көшқалиевтің айтуынша, жерлеу рәсімдеріне қажетті құрал-жабдықтар мен көрсетілетін қызмет бағасын көтермеу және ұсынылған қызметтерге қосымша ақы талап етпеу жөнінде түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды. Нәтижесінде, белгіленген тарифтердің бірқалыпты сақталғаны белгілі болды.
Мәселен, жерлеу рәсімімен ш ұ ғ ы л д а н а т ы н ж е к е кәсіпкер Сырым Құлшиевтің мәлімдеуінше, марқұмды жерлеу үшін 57 мың теңге көлемінде (30 мыңы – қабірді қазуға, 25 мыңы – қабірге қажетті құралдарды сатып алуға, қалғаны басқа да ұсақ-түйек шаруаларды үйлестіруге) жұмсалады. Ал, христиан бағытындағы православтық жерлеу рәсімі бойынша жеке кәсіпкер Николай Голубевтің «Память» атты діни салт-жоралғы бюросының қызметі де 25-50 мың теңгенің шамасында болып шықты. Оның ішінде, табыттың бағасы – 18-25 мың теңге аралығында, қаралы гүл дестесі – 2 500 теңге және одан жоғары, қалғаны – қажетті ұсақ-түйек заттар мен мүрдені тасымалдау қызметіне төленеді. Тексеру барысында қолданыстағы тарифтерді көтеріп, қымбаттату дерегі тіркелмеді. Қайтқан адамдарды жерлеу үшін жер телімі мемлекет есебінен тегін бөлінуде.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың мәліметіне сәйкес, Қазақстанда коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандарды жерлеу ережесі өзгерді. Алғашқысында, қатерлі індетпен ауырып, дүниеден ө т к е н д е р б е л г і л і б і р қауымда жерленетін болса, соңғысында санитарлық- эпидемиологиялық және гигиеналық ережелерді қатаң сақтай отырып, кез келген зиратта жерлеуге рұқсат етілді.
Облыста COVID-19 індетіне байланысты құрылған өңірлік комиссияның алгоритміне сәйкес, короновирустық и н ф е к ц и я д а н қ а й т ы с болғандардың мүрдесін жерлеу шаралары тиісті талапқа сай ұйымдастырылады. Оны қамтамасыз етуге облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық паталого-анатомиялық бюросы, дін істері басқармасы, ішкі істер департаменті, ішкі саясат басқармасы, облыстық сот медициналық сараптама орталығы, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, обаға қарсы күрес стансасы, қалалық және аудандық әкімдік қызметкерлері жұмылдырылған.
Жерлеу рәсімі аяқталғаннан кейін қабірдің басында пайдаланылған құрал- саймандарды, қорғаныш киімдерін, автокөліктерді тиісті концентрациядағы және экспозициядағы дезинфекциялау құралдарымен залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп отырады. Сонымен қатар, діни бірлестіктер өкілдерінің коронавирус инфекциясына қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.
Ж у ы р д а Қ а з а қ с т а н м ұ с ы л м а н д а р ы д і н и басқармасы коронавирус індеті кезінде жаназа намазы мен жерлеу рәсімін өткізуге қатысты мәлімдеме жасады. Нақтылай кетсек, мұнда жаназа намазына және жерлеуге қатысушыларды қосқанда 10 кісіден артық жиналмау, рәсімнен кейін ас беру, жетісі, қырқы, жүзі сияқты қаделерін өткізуді тоқтату қажеттігі қаперге берілді.
«Бір үйдің кісісі өлсе, қаралы ол» деп данышпан Абай айтқандай, егер қандай да бір дін қызметкері немесе жерлеу рәсімдерімен айналысатын кәсіпкерлер мен жекелеген қызметкерлер тарапынан жерлеу рәсімінде пайдаланылатын құрал- жабдықтарға, қосымша қызметтері үшін негізсіз артық қаражатты талап ету фактілері анықталса, қ ұ з ы р л ы о р г а н д а р ғ а шағымдан у ғ а бо л а д ы . Қалай еткенде де, ел-жұрт, қоғам болып, жерлеуден жемтік іздегендердің жолына тосқауыл қойып, олардың жазасыз қалмауын қадағалауымыз қажет.
Дәулетқали АРУЕВ