ЖаңалықтарҚұқық
Жер қойнауын пайдалануға құқық кімдерге беріледі?
Атыраудың пайдалы қазбалары бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге конкурс жарияланған болатын. Оған облыс көлеміндегі 39 кен орны ұсынылса, 21-і барлауға, 18-і өндіруге бағытталған.
Соңғы мәліметке сәйкес, 61 тапсырыс берушіден 28 кен орнына конкурстық өтінім тапсырылған.
Бүгін, облыс әкімінің орынбасары, конкурстық комиссияның төрағасы Әлібек Нәутиевтың қатысуымен конверттерді ашу рәсімі өткізілді. Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес өтінімдер 15 күн ішінде қаралып, анықталатын болады. Ол туралы БАҚ-та қосымша xабарланады.
Айбөпе Сабырова