Жарнама
Жаңалықтар

Жеңімпаздар ұлықталған сәт

Мұнайлы өлкеде екі күнге созылған республикалық жұмысшы жастар форумы қорытындыланды. Шараның жабылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов қатысып, «Ең үздік жоба» байқауының 6 жеңімпазына 500 мың теңге көлемінде шағын гранттар табыс етті. 

img 0013

Облыс әкімінің орынбасары Дарын Шамұратовтың айтуынша, жастар арасында жұмысшы мамандықтары мен техникалық салаларды насихаттау мақсатында ұйымдастырылған форум еңбек ресурстарын дамытуға оң септігін тигізбек. Осындай шаралар арқылы олар жаңа орта тауып, тәжірибе алмасады. Бұл бастама мұнымен шектеліп қалмай, еліміздің басқа өңірлерінде өткізілуі қажет. Жұмысшы жастардың дамуы мен қоғамдағы рөлін арттыру мақсатындағы үздік әлеуметтік жобаларды анықтауға бағытталған байқау жеңімпазы болып Орал қаласындағы «Сервис» техникалық колледжі, «шаштараз өнері» мамандығының ІІ курс студенті Диана Қожағалиева, Ақтөбе қалалық Көлік жолдары колледжінің IV курс студенті Роберт Муфтахетдинов, Жезқазған қаласы индустриалдық- гуманитарлық колледжі, педагогика және ағылшын тілі бөлім меңгерушісі Еркеназ Ерманова, атыраулық инженер-метролог Аманжол Досмұхамедов, Астана қаласындағы «Семізбай» ЖШС химиялық анализдер лаборанты Аяжан Жамкенова, Қызылорда қаласындағы «Байкен-И» ЖШС менеджері Еркебұлан Ғизат танылды. 

Айбөпе САБЫРОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button