Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН КАРАНТИН: Тұтынушыларымен қайта табысты

Аtr.kz/9 мамыр, 2020 жыл. Елімізде біртіндеп карантин талаптары жеңілдеді. Облыста 4 мамыр күні халыққа қызмет көрсететін бірқатар нысандар жұмысын қайта жандандырды.

Ал, 11 мамырдан бастап коронавирус дертінің қарқыны басылып, ел қалыпты өмірге оралады деп күтілуде. Дегенмен, індеттің қаупі сейілгенше тұрғындар санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға тиіс. Ендеше дүйсенбі күні жұмысқа кіріскен шағын және орта бизнес субъектілері иелерінің әңгімелеріне құлақ түрсек.

«ЭляДентАтырау» стоматологиясының иесі Эльмира ОРЫНБАСАРОВА:

– Т ө т е н ш е ж а ғ д а й б і з д і ң кәсіпке де әсерін тигізбей қоймады. Дегенмен, Мемлекет басшысының COVID-19-ң әлеуметтік-экономикалық салдарына қарсы тұруға бағытталған барлық шаралардың арқасында аяққа тұрып кететініме сенімдімін. Атап айтқанда, шағын және орта бизнес өкілдері биылғы 1 қазанға дейін еңбекақы төлеу қорынан ұсталатын салықтан босатылды. Бүгін алдын-ала жазылу бойынша науқастарды қабылдай бастадым. Тіс емдеу процесі санитарлық ережені қатаң сақтаумен жүзеге асты. Әр пациенттен соң бөлме желдетіліп, залалсыздандырылды. Індеттің қауіптілігіне қарамай тәуекелге бел буып, кәсіпкерлердің қызмет етуіне мүмкіндік берген мемлекеттің қолдауын сезінгендей болдым.

img 20200509 wa0056 1

«Дария» сұлулық салонының иесі Бахытгүл САБИТДЕНОВА:

– Біздің сала қашықтан қызмет етуге мүмкіндік бермейді. Бұл індет сұлулық с а л о н ы н д а ғ ы қызметкерлердің ә л е у м е т т і к тұрмысына әсер етті. Бәрімізге де мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақыға өтінім беруге тура келді. Төртінші мамырдан бастап жұмысқа кірісетін кәсіпкерлік субъектілерінің тізіміне шаштараз қызметі енгеніне риза болдым. Бүгін сол рұқсат бойынша алдын-ала жазылған клиенттерді қабылдаймыз. Бірақ, тек шаш қиямыз. Маникюр, педикюр, шаш бояу секілді қызметті әзірге жасамаймыз. Шаш қидыртуға келген адамда бетперденің болуы міндеттеледі.

Ал, алғашқы күні жұмыс құралсаймандарды дайындау мен залалсыздандырудан басталды. Әр шаштараздың өзінің орны мен құралдар жиынтығы бар. Барлығы бактерицидпен өңделеді. Мұның бәрі коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатындағы шаралар. Жалпы, карантин уақыты текке кетпеді. Өз басым кәсіби маман ретінде әріптестеріммен бірге шеберлікті шыңдайтын онлайн курстарға қатыстым. Бұл қиындық та артта қалып, болашақта көптеген игілікті істерге жол ашылады деген үміттемін.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button