Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

Жеңілдетілген карантин: Атырауда көлік жуу, жөндеу салондары қайта жұмысқа кірісетін болды

Аtr.kz/28 сәуір, 2020 жыл. Бұл туралы Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қаулысында айтылған. Қаулының толық нұсқасын ұсынып отырмыз.

«Карантин талаптарын өзгерту туралы»

Мен, Атырау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Мусагалиев Темирбек Саримович, Қазақстан Республикасы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» кодексінің 21 бап, 13 бөлім, 4 тармағына сәйкес және 148 бап, 1 бөліміне сәйкес, Мемлекет басшысының 27 сәуір 2020 жылғы «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай режимінің қолданысын ұзарту» туралы мәлімдемесіне сәйкес, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының   27 сәуір 2020 жылғы №16  хаттамасына сәйкес және Атырау облысы аумағында халық арасында COVID-19  (бұдан әрі COVID-19) коронавирус инфекциясының таралып кетуінің алдын алу мақсатында

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Карантин режимін және шектеу іс шараларын  11 мамыр 2020 жылғы сағат 07.00-ге дейін   ұзартылсын.

2. Төмендегі саладағы кәсіпорындардың жұмысқа шығуына рұқсат етілсін:

1) өндірістік кәсіпорындар;

2) құрылыс саласы, жол құрылыс саласы компаниялары, ірі құрылыс дүкендері;

3)  транспорт, қойма, ауылшаруашылығы бағытындағы  сервистік компаниялар;

4) автосалондар, көлік жөндеу орталықтары, көлік жуу орталықтары, тегершік жөндеу сервисі, авто бөлшектер дүкендері,  химиялық тазалау, тұрмыстық және кеңсе техникаларын жөндеу;

5) штаттық қызметкерлердің 50 пайызын жұмысқа шығару арқылы екінші деңгейлі банктер;

6) нотариалдық қызмет;

7) өзімен бірге алып кету және жеткізу қызметімен қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс режимі   21-00 сағатқа дейін;

8) Тек қана бизнеске қызмет көрсету үшін Халыққа қызмет көрсету орталығы бөлімшелері;

9) ауылшаруашылығы  техникасы, инвентарь, тыңайтқыш және тұқым дүкендері;

3. Кәсіпорындардың жұмысын қайта іске қосуға төмендегі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтаған жағдайда ғана рұқсат беріледі:

1) технологиялық процесс және қызмет көрсету процесіне тікелей қатынаспайтын қызметкерлерді қашықтықтан жұмыс режиміне максималды түрде ауыстыру;

2) нысанға бөгде тұлғаның кіру мүмкіндігін болдырмау үшін сақтық шараларын күшейту;

3) қызметкерлерді жұмысқа қосар алдында респираторлы аурулар симптомдарының бар-жоғын тексеру. Яғни, коронавирус инфекциясы болуы мүмкін (құрғақ жөтел, жоғары дене қызуы, тыныс алудың ауырлауы, ауа жетіспеуі және т.б.) ЖРВИ, тұмау белгілері бар қызметкерлердің жұмысқа шығуына жол бермеу.  Дереу оқшаулап, жедел жәрдем қызметін шақыру.

4) орта және ірі кәсіпорындарда медициналық пункттердің міндетті түрде болуы,  кәсіпорында  әр ауысымды қабылдап алып, тапсырғаннан кейінгі аралықта қызметкерлерді тексеру үшін медициналық персоналдың міндетті түрде жұмыс орнында болуы;

5) қызметкерлер арасында жеке және қоғамдық гигиена талаптарын сақтау, бақылау бойынша нұсқау жүргізу;

6) уақытылы ауыстыру талаптарын сақтай отырып, жұмыс орнында қорғаныс бетперделері мен респираторларды қолдану;

7) жұмыс орындарында антисептиктер, жеке қорғаныс құралдарының азаймайтын қорының, әрбір нысанда дезинфекциялау, жуғыш заттар мен антисептикалық заттардың болуы; (орта және ірі кәсіпорындарда: нұсқама, қорғаныс құралдарын уақытылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуғыш және антисептикалық заттардың қажетті қорын қамтамасыз ету және қадағалау, нұсқаманы орындау мерзімділігі бойынша журнал жүргізу, қорғаныс құралдарын ауыстыру және дезинфекциялық құралдар қорын толықтыру үшін жауапты тұлғаны бекіту);

8) нысанда жанаспай жұмыс жасауды енгізу үшін технологиялық процестерді автоматтандыруды барынша пайдалану;

9) тұрақты жұмыс орындарының арасында 2 метрден кем емес алшақтықтың болуы;

10) қызметкерлер тығыз шоғырларланатын аумақтардың жұмысын шектеу (жұмыс процесі технологиясын мүмкіндігінше қайта қарастыру);

11) өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды вирулицидтік әсері бар құралдармен дезинфекциялау арқылы, оның ішінде есік тұтқалары, сөндіргіштер, тұтқалар мен таяныштарды, жанасатын беттерді (қызметкерлердің үстелі мен орындықтары, оргтехника), жалпылама қолданыс орындарын (гардероб, тамақтану мен тынығу бөлмелері, санитарлық тораптарды) міндетті дезинфекциялаумен бір ауысымда кем дегенде 2 мәрте ылғалды жинастырып тазарту;

12) желдету жүйелері және ауаны баптау жүйелерінің тоқтаусыз жұмыс жасап тұруы, оған профилактикалық тексеру мен жөндеу жүргізіп отыру, оның ішінде фильтрлерді ауыстыру, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды жүзеге асырып, ауаны тазарту тәртібін қамтамасыз ету;

13) жұмыс орындарында тамақтануға тыйым салу;

14) тамақтану және тынығу орындарында тамақтану мен тынығуды

әртүрлі өндірістік телімдері қызметкерлерінің бір уақытта тамақтанып жиналуын болдырмайтын арнайы кесте бойынша ұйымдастыру;

15) үстелдер арасында 2 метрден кем емес арақашықтықты сақтау, сондай-ақ стандартты үстелде 2 қызметкерден артық отырғызбау, не болмаса 4 орыннан аспайтын үстелге шахматты тәртіппен отырғызу;

16) бір реттік ыдысты оны қолданған соң жинап алу мен жою негізінде пайдалану;

17) көп реттік ыдыс-аяқты пайдалану кезінде оны арнайы жуу машиналарында 65 градустан кем емес температурада залалсыздандыру, не болмаса ыдыс-аяқты қолмен жуғанда әрбір қолданыстан кейін осы температурада жуғыш заттар мен дезинфекциялау құралдарын пайдалану.

4. Бау-бақша (бағбандық) және саяжай телімдері иелеріне

1) азаматтардың белгіленген карантиндік аймақтың ішінде орналасқан саяжай телімдеріне (телімдерінен) жүріп-тұруы сенбі және жексенбі күндері 6:00-ден 9:00-ге дейін, 17:00-ден 20:00-ге дейін рұқсат етіледі.

2) Кедергісіз жүріп-тұруға

— саяжайдағы бағбандық пен бақ өсірушілікті жүргізу үшін қолданылатын жер теліміне меншік құқығын растайтын құжат (меншік иесі туралы мәлімет, жергілікті атқарушы органның шешімі, мемлекеттік акт) негіз болып табылады.

— жалға алушылар жер учаскелеріне, ондағы үй құрылысына жасақталған жалдау келісімшартын ұсыну қажет.

— кедергісіз жүріп-тұру ересек тұрғындарға санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтаумен бір саяжай теліміне екі адамға ғана рұқсат етіледі.

— жүріп-тұру жеңіл және жүк көліктерімен, сондай-ақ әкімдік ұйымдастырған автобустармен бағбандық кітапшасы (мүшелік билеті) негізінде жүзеге асырылады. Бағбандық кітапшасы (мүшелік билеті) кооператив (қоғам) төрағасының қолымен расталуы керек.

— саяжай телімдеріне бөтен адамдарды шақыру мен мерекелік демалыс шараларын өткізуге қатаң тиым салынады.

5. Балалар ойын алаңдарында:

1) балаларды серуендету уақыты сағат 10:00-нан 12:00-ге дейін, 17:00-ден 20:00-ге дейін. Ата-анасы бірге жүріп, санитарлық-эпидимиологиялық талаптарды сақтай отырып (бетперде, антисептикалық құралдар) үй айналасының аумағында (ойын алаңдарында) тұрғылықты жерден 200 метрден алыс емес жерде рұқсат етіледі;

2) Атырау қаласының Әкімдігі ПИК және басқарушы компаниялармен бірлесе отырып балалар ойын алаңдарын дезинфекциялық залалсыздандыру жұмысын қамтамасыз етуі тиіс.

6. Эпидемиологиялық жағдай нашарлаған жағдайда карантиндік шараларды қаталдатуға көшу құқығын өзіме қалдырамын;

7. Аталған Қаулының орындалу жұмысын бақылауды өзіме қалдырамын;

8. Аталған Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Атырау облысының Бас Мемлекеттік санитарлық дәрігері

Т.Мусагалиев

http://atr.kz/bez-rubriki/эksklюziv-koronavirustan-zhazylyp-shyqqan-atyraulyq-algash-ret-ashyq-suhbat-berdi/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button