Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы жабыла ма
20 маусымда Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспанов «Қазақстандықтар үшін жеңілдетілген автонесие бағдарламасы жабыла ма?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Вице-министр халық наразы болатынын түсінетінін, бұл жағдай жоспардан тыс болғанын айтты.
«Біз бұл бағдарламаны іске қосқан кезде мұндай сұраныс болады деп ойлаған жоқпыз, нәтижесінде сұраныс біз зерттегеннен әлдеқайда жоғары деген қорытындыға келдік, тиісінше, алмаған адамдар наразы болады. Біз мұны жақсы түсінеміз», — деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспанов.
Оның айтуынша, ҚР ИИДМ сұранысты толық қанағаттандыра ала ма, соны есептеген.
«Біз нарықтағы барлық сұранысты қанағаттандыра алмайтынымыз белгілі болды. Қолымыздан келмейді – айналымда қалу үшін біз жыл сайын жүздеген миллиардтар құйып отыруымыз керек», — деді Ілияс Оспанов.
Ол ӨКМ қаражатын барынша тиімді ету міндеті тұрғанын және осы жылдың басынан бастап Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бағдарламаны қайта форматтауды ойластырғанын атап өтті.
«Қазір бізде бірінші нұсқа болды – бірінші кезекте халықтың мұқтаж бөлігі несие алатындай ету жолы», — деді Ілияс Оспанов.
Оның сөзінше, қазір бағдарламаны пысықтау міндеті тұр.
«Біз бұл тапсырманы әлі алып тастаған жоқпыз. ҚДБ бойынша ойластырып жатырмыз», — деді Ілияс Оспанов.
Ол негізгі басымдықта автобустар мәселесі тұғанын, соны жедел шешу керек екенін айтты.