ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС МЕКТЕПТЕН БАСТАЛСА…
2015-2017 жылдарды қамтитын жемқорлықты жоюға арналған стратегияның қоғамның әлеуметтік дертке қарсы мәдениетін қалыптастыратындығына тоқталған ол бұл індетке тосқауылды балабақшалардан, төменгі сыныптардан бастап енгізуді ұсынды және жемқорлықпен күресте зор нәтижелерге қол жеткізген Грузия елін үлгі ретінде атап өтті.
Одан әрі аталмыш департаменттің ұйымдастыруымен өткен жемқорлыққа қарсы апталық қорытындыланды. Облыстық, қалалық конференцияларда, дебаттар және көрме, байқау шараларына белсенді қатысқандар, департаменттің Алғыс хатымен марапатталды. Осындай құрметке ие болғандардың қатарында Атырау бизнес және құқық колледжінің директоры Нұрлы Әйтиева, «Төртінші билік» қоғамдық бірлестігі, студент Сара Мақсотова, мектеп оқушылары Диас Елемесов, Жанна Елеусін және басқалар болды. Мерекелік шара одан әрі концертке ұласты.
Б.Атайманқызы.
Суретті түсірген Е.АЛТЫБАЕВ.