Жарнама
Жаңалықтар

Жем өзенінің сағалары ашылуда

Жем өзеніндегі тасқын Жылыой ауданындағы елді мекендерге қауіп төндірмес үшін қарғын судың деңгейін түсіру өте өзекті мәселе болып отыр. Қазір Жем бойында орналасқан жасанды бөгеттерді жару арқылы судың арнасын бұру жұмыстары басталды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев жауапты мамандармен бірге мұндажүріп жатқан жұмыстарға аэровизуалды тексеру жүргізді.

-Жылыойға төнген қауіпті сейілту мақсатында Жем өзенінің сағаларын ашып жатырмыз. Бұл маңда кезінде көптеген жеке шаруа қожалықтар суды жинап алу мақсатында ағыс көзін бітеп, жасанды бөгеттер тұрғызған. Бұл қалаға келген судың ағыспен ағып кетуіне үлкен кедергі. Соған байланысты бітелген арналардың көзін бөгеттерді жару арқылы ашып жатырмыз. Оны тротилмен жарып, өзен кедергісіз ағуда,-деді Қ.Нұртаев.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button