Желтоқсанның алғашқы күнінен бастап жазғы доңғалақпен жүрген жүргізушілерге айыппұл салынады
Желтоқсанның алғашқы күнінен бастап жазғы доңғалақпен жүргізушілерді айыппұл салынады. Көлік жүргізушілері бүкіл маусым бойы, яғни ақпан айының соңына дейін қысқы доңғалақтармен жүруге міндетті. Тәртіп бұзғандар үшін айыппұл мөлшері қандай болады және полицейлер жазды доңғалақпен жүрген көліктерді іздей ме? Бұл жөнінде «Информбюро» бағдарламасы хабарлады.
1 желтоқсаннан бастап жолда жазғы шиналармен жүруге тыйым салынады, әйтпесе айыппұл салынады. Маусымға сәйкес келмейтін доңғалақтарды пайдаланғаны үшін 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады – бұл шамамен 16 мың теңге. Алайда полицейлер жазғы дөңгелектердің соңынан түспейді. Бірақ егер көлік иесін тоқтатқан кезде доңғалақ ережесін бұзғаны анықталса, жазадан құтыла алмайды.
«Кейбір жүргізушілер екі доңғалақты қысқы жолға сәйкес ауыстырып, ал қалған екі доңғалағы бүкіл маусымдық болса жарайды деп ойлайды, алайда олай емес. Төрт доңғалақ та шегенді болуы тиіс», — дейді Қостанай қаласы ІІБ бірінші орынбасары Марат Сахратов.
фото: ашық дереккөзден