Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қаралды
Үстіміздегі жылдың 10 айында облыс бойынша барлығы 32 643 өтініш тіркелді (жеке тұлғалардан – 25 932, заңды тұлғалардан – 7011). Оның ішінде, 6 357 өтініштер оң шешілген, жер мәселесі бойынша — 3 520 өтініш, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша — 554, әлеуметтік көмек көрсету бойынша — 534, еңбек қатынастары бойынша — 506, азаматтық хал актілері, қорғаншылық тағайындай және басқалары – 276, төтенше жағдай бойынша (пандемияға байланысты) – 222, кәсіпкерлікті қолдау бойынша — 201,денсаулық сақтау — 183, ауыл шаруашылығы — 167, білім беру — 87, жұмыспен қамту – 67 және басқа да мәселелер – 40.
26 286 өтініштер бойынша қолданыстағы заңнамалар шеңберінде түсініктеме берілді.
Бұдан басқа, облыстың барлық деңгейдегі әкімдерімен 1479 азамат жеке қабылданды, оның ішінде облыс әкімімен — 114 азамат.
Сонымен қатар, өткен кезеңде облысы әкімі аппаратының азаматтарды қабылдау жөніндегі фронт-кеңсесіне жеке мәселелерімен хабарласқан 1800-ден аса азаматтарға заң талаптарына сәйкес кеңестер берілді.
Сондай-ақ, облыс әкімдігі жанынан халықтың өзекті мәселелеріне жауап беруге арналған «109» бірыңғай байланыс орталығына 373 331 азаматтар және «112» бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметіне 378 007 азаматтар хабарласып, қызметтер көрсетілген.
Жергілікті мемлекеттік органдарда азаматтар өтініштерімен жұмыстарды оңтайландыру, заң талаптарына сәйкес оларды есепке алу, тіркеу және қарау бойынша жай-күйін талдау жұмыстары жоспарға сәйкес жалғасатын болады.