Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайы

«Жедел желі» сенім нөмері іске қосылады

Әртүрлі компаниялар, мекемелер және түрлі ұйым қызметкерлері Еңбек инспекциясына «1302» нөмірі арқылы қызығушылық тудыратын сауалдарын және шағымдарын жолдай алады. Бұл туралы Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Игілік Әубәкіров өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

WhatsApp Image 2018-04-09 at 11.35.00

— Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инспекция жоспардан тыс, ішінара тексерулер мен бақыланатын субъектілерге тексеру жүргізеді. Өткен жылы инспекцияға 843 азаматтың өтініші келіп түсті, оның 390-ы жалақыға, 523-і қызметкерлерді заңсыз жұмыстан шығаруға байланысты. Өткен жылы тұрғындардың өтініштері 210%-ға өсті, осыған байланысты біз қызметтегі тұрғындар үшін сенім телефонын ашуға шешім қабылдадық, — деді Игілік Әубәкіров.

Атырау облыстық бас еңбек инспекторының айтуынша, қазіргі таңда «Қазақтелеком» АҚ-мен бірге «жедел желі» сенім нөмерін бір жүйеге енгізу жұмыстары жүргізілуде. Сенім нөмері іске қосылған кезде бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде ақпарат таралатын болады.

Хорлан СМАДИЯР

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button