Жарнама
БілімЖаңалықтар

Жедел желі іске қосылды

Atr.kz/2 тамыз, 2019 жыл. Еліміздің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің қолға алуымен ата-аналарға арналған жедел желі іске қосылды.

Аталған комитет төрағасының орынбасары  Жандарбек Бекшиннің мәлімдеуінше, +7 (7172) 74-18-64  жедел желісі оқу жылының бірінші тоқсанында жұмыс істейді. «Мұнда ата-ана мектептің жарығы, ауыз сумен қамтылуы, санитарлық-техникалық жабдықталуы, баланың партаға бойына сәйкес отыруы мәселелері бойынша хабарласа алады. Телефон нөміріне сағат 9.00-ден кешкі 18.00-ге дейін байланысуға мүмкіндік бар» дейді Ж.Бекшин.      

Сондай-ақ, жаңа оқу жылына дайындалмаған, апатты жағдайдағы, дәретханасы мен асханасы жөнделмеген білім ордалары туралы да мәліметті жедел желіге хабарласып, тіркеуге болады. Аталған мәселелерге орай Атырау өңірінде құзырлы орган да тұрғындардың шағымын қабылдайды. Яғни, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінде  8 (7122) 35-40-39 және 32-12-38  телефон нөмірлері қызмет етеді.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button