ЖЕДЕЛ АУДАРЫЛЫМДАР – ЖАҢА ЖҮЙЕМЕН
«Бұл қызмет біздің әріптестеріміздің танымал ұсыныстарымен бәсекеге түсіп, қазіргі және болашақ клиенттеріміз үшін жоғары сапалы құрал жасау үшін дайындалған. «Salem, TENGE!» жүйесі арқылы бір пайыз көлеміндегі төмендетілген тариф 200 теңгеден басталады. Ол 31 мамырға дейін жалғасып, 1 маусымнан бастап аударым сомасынан 1,5 пайыз алынады. Бұл ақша аударымдары үшін жаңашылдық емес, бұрын да осындай қызмет ұсынғанбыз, бірақ қазір бұл қызмет көрсетудің өз атауы және бәсекеге қабілетті жағдайы бар» — деп баяндайды баспасөз релизінде «Қазпошта» АҚ баспасөз қызметінің басшысы Байрам Азизов.
«Salem, TENGE!» арнайы ұсынысы, параметрлерімен ғана емес, сондай-ақ, ел ішінде 1 минут шамасындағы жоғары жылдамдығымен ыңғайлы. Осы қызмет бойынша банк шотын ашудың қажеті жоқ. Сондай-ақ, қызмет көрсету кең аумақта жүргізіледі. Аударманы алу кезінде ыңғайлы болу үшін, тұтынушыларға ақшалай қаражаттың түсуін алдын ала SMS арқылы хабарлайтын болады.
А. МҰРАТҚЫЗЫ.
Сурет редакция мұрағатынан алынды.