ЖАУАПСЫЗДЫҚ ЖАЗАСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ
Онда Индер ауданының әкімі С.Арыстанның 2014 жылғы және 2015 жылға сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша атқарылған жұмыстары жөнінде есебі тыңдалып, аудан басшысына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын жүзеге асыруды күшейтуге бағыттал-ған бірқатар ұсыныстар берілді.
Сондай-ақ, Атырау облыстық прокуратурасының ұсынысы негізінде Атырау қалалық сәулет және қалақұрылысы бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты тәртіптік істер қаралды. Прокуратура жүргізген тексеріс бұл мекемедегі бірқатар заңсыздықты анықтаған болатын. Атап айтқанда, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізсіз әуре-сарсаңға салынып, ұзақ уақыт қаралады екен. Бөлім басшылары келіп түскен өтініштерді қарап, олар жайлы қандай да бір жұмыстар атқармайды. Мұндай ірілі-ұсақты олқылықтар мекемеде жүйелік сипатқа ие болған. Осы жайларды ескере отырып, тәртіптік кеңес мүшелері қала әкімі Н.Ожаевқа ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңының, Жер Кодексі мен ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының талаптарын сақтамаған Атырау қалалық сәулет және қалақұрылысы бөлімінің міндетін атқарушы С.Смағұловты лауазымынан төмендету түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыным берді.
Сонымен қатар, 157/9 УГ ғимаратына жөндеу жұмыстарына байланысты мемлекеттік сатып алуды жүргізуде заң бұзушылыққа жол берген «ҚР Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық атқару жүйесі комитеті УГ-157/9 мекемесінің» басшысы А.Иргалиевке қатысты да тәртіптік іс қаралды. Оның электронды конкурсты өтініш беріп, қатысушылардың құқықтарын көпе-көрнеу бұза отырып, жүргізгені белгілі болды. Облыстық Қаржы инспекциясымен жүргізілген тексеріс барысында конкурстық құжаттардың талаптарына сәйкес емес он жеткізушінің конкурс өтініштері негізсіз болып танылған деректері анықталды. Аталған дерек бойынша конкурс комиссиясының мүшелері айыппұл түрінде УГ-157/9 мекемесінің бірінші басшысына – 140, оның орынбасары мен материалды-тылды қамтамасыз ету бөлімінің заңгеріне – әрқайсысына 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұдан басқа, мекеме басшысының бұйрығымен мемлекеттік сатып алу заңнамасының талаптарын сақтамаған орынбасары мен заңгерге ескерту түрінде тәртіптік жауапкершілік салынған.
Қорытындылай келе, тәртіптік кеңеспен «ҚР Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық атқару жүйесі комитеті УГ-157/9 мекемесінің» басшысы А.Иргалиевті тәртіптік жауапкершілікке тартуға ұсыным берілді. ҚР Ар-намыс Кодексінің, соның ішінде жөнсіздік пен орынсыз мінез-құлық фактілеріне жол берген Мұқыр селолық округінің әкімі Е.А.Мақсотовқа қатысты тәртіптік іс қаралып, тәртіптік кеңес мүшелері Қызылқоға ауданының әкімі М.Мұқановқа жоғарыда аталған әкімді тәртіптік жауапкершілікке тартуға ұсыныс берді.
Құралай Қуатова.