Жарнама
ЖаңалықтарМедицина

Жатыр мойны қатерлі ісігінің алдын алуға бола ма?

Atr.kz/23 қаңтар, 2020 жыл. Атырауда жатыр мойны қатерлі ісігінің алдын алуға бағытталған апталық өтуде.

20-27 қаңтар аралығында Атырау облыстық онкологиялық диспансерінде жатыр мойны қатерлі ісігінің алдын алу мақсатында апталық жүргізіледі,  — деп хабарлайды Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Жатыр мойны қатерлі ісігі – дүниежүзі бойынша ең жиі кездесетін  қауіпті дерттің бірі. Десе де, аталмыш ауруды  ерте анықтау емделуге кепілдік береді. Бұл туралы ӨКҚ-де өткен брифингте облыстық онкодиспансері директорының міндетін атқарушы Эльмира Сапарова мәлімдеді. 

— Жатыр мойны қатерлі ісігі —  жатыр мойнында пайда болатын ауру емес. Оның дертке  әкеліп соқтыратын  өзіндік  факторлары бар. Сондықтан, ұйымдастырылып отырған ашық есік күніне  барлық әйел адамдар келіп, тексерістен  өтсе дейміз, — дейді Эльмира Сапарова.

Бүгінде облыстық онкологиялық диспансерінде  төрт мыңға  жуық науқас есепте тұр. Соның ішінде жатыр мойны қатерлі ісігімен  тіркелген әйелдер саны — 523.  

Айта кетейік, апталық аясында әйел адамдар онко-гинеколог кеңесін жолдамасыз ала алады. Ал, жұмыс күндері апталыққа келе алмайтындар үшін 25 қаңтар күні ашық есік күні өтеді. Мұнда  келушілерді  мамандар  сағат  09:00-13:00 аралығында қабылдайды.

whatsapp image 2020 01 22 at 18.28.48 2

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button