Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайы

Жаттығуда шыңдалады жауынгер

Жақында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде қорытынды тексеру басталды. Шара барысында бөлімшелердің әзірлігі мен жауынгерлік қабілетінің деңгейі анықталатын болады.

Жаттығуда шыңдалады жауынгер

Аталмыш тексерудің негізгі мақсаты – әскерилердің қысқа мерзімде қойылған жауынгерлік тапсырмаларды орындауға әзірліктерін бағдарлап, сондай-ақ, оны пысықтау. «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майор Қаныш Әбубәкіровтің мәлімдеуінше, өңірлік қолбасшылықтың басқарма офицерлері құрамынан кешенді комиссия құрылды. Олар барлық әскери бөлімге жіберілді. Қорытынды тексеріс үш кезеңде өткізіледі деп жоспарланған. Оқыту пәндері бойынша сабақтар бөлімдердің ұдайы орналасу пункттерінде және оқу-жаттығу орталықтары мен полигондарда өтеді.

Сондай-ақ, атыс, тактикалық, арнайы дайындық, жауынгерлік машиналарды жүргізу, әскери топография, инженерлік, дене және саптық  даярлықтарын да қарайды. Комиссия қару-жарақ пен әскери техниканың жай-күйін, бағынышты құрамаларда жауынгерлік даярлықты басшылыққа алу бойынша лауазымды адамдардың жұмысының ұйымдастырылу жүйесіне, жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігіне баға беретін болады.

Әр әскери қызметшіге жеке дара тәртіпте және бөлімшелер құрамында теория жүзінде ғана емес, сонымен бірге, практика жүзінде емтихандар тапсыруға тура келеді.

Рүстем ИГІСІНОВ,

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің жетекшісі, капитан.

Related Articles

3 Comments

  1. Әскерилер тәртіп пен отансүйгіштіктің үлгісі

  2. Еліміздің тыныштығын қорғайтын ұлдар!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button