Жасыл желек – жанға сая
Сенбілікке қаламыздағы Азаттық көшесінің бойында орналасқан мекемелер, сондай-ақ сауда орындары да атсалысты. Таңертең ертемен басталған тазалық жұмыстары түске дейін жалғасты.
«Сенбілік – бізге мектепте оқушы болған кезімізден таныс қоғамдық жұмыс. Ертемен талдың түбін қопарып, аралап кестік, әктедік. Былтырдан қалған арамшөптен арылттық. Енді айналамызды қоқыстан тазалап жатырмыз. Менің ойымша, тазалық ауладан басталады. Қаламызға меймандар келгенде де, көшенің көрікті болғаны қандай жақсы?!», – дейді «Ағила» сауда орталығының инженері Асқар Нұрғазин бізбен әңгімесінде. Қызу жұмысқа кіріскен ол «көктемде табиғат жаңарады, осы кезде адамдар да өз ауласына сын көзбен қарап, тазалықты қолға алғаны жөн» деп есептейді. Сенбілікке бұл ұжымда жиырмадан астам адам қатысқан.
Толық нұсқасын газеттен оқи аласыз.