ЖаңалықтарҚоғам
Жасыл елдіктер UPGRADE акциясына қатысты
«Жасыл ел» жастар еңбек жасағының XVII маусымының ашылу салтанатынан кейін еңбек жасағының жастары UPGRADE акциясына қатысты.
40-тан астам сарбаздың басын қосқан акцияда «Алмагүл» ықшам ауданының аумағындағы 3 ойын алаңында сырлау, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ерікті жастардың қатысуымен өткізілген акция еңбек маусымы кезінде қатар жүргізілетін болады. Акцияны ұйымдастырушылар алдағы уақытта мұндай бастамалар өзге де аудандарда жалғасын табатындығын айтады.
– Еңбек жасағының алдағы жоспарларының қатарында тазалыққа бағытталған #trashtagatyrau акциясы да бар. Акция жаз маусымы бойына өткізіледі,-деді «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының менеджері Бекарыс Закария.
Алмас БАУЫРЖАНТЕГІ