Жасыл желек жанашырлары
Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Мейірім Қалауи бір топ орман шаруашылығы саласы қызметкерлерін марапаттады.
— «Жасыл ел» жасағының жұмыс жасауына сіздердің қосып жатқан үлестеріңіз зор. Бұл жастардың бойында туған елге, жерге, табиғатқа деген сүйіспеншілікті қалыптастырады. Биыл алты жүздің үстінде жас осы жасақ жұмысына қатысқан. Жалпы, жасыл желек мәселесі Атырау өңірі үшін өте маңызды. Күнделікті жұтып отырған ауамыздың тазалығы тал-теректің, орманның көптігіне, жайқалып өсуіне тікелей байланысты» — деді Мейірім Жоламанұлы.
Орман және аңшылық шаруашылығы бөлімінің басшысы Гүлнұр Мударисова «Құрмет грамотасымен», Индер орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің шебері Айбар Байзақов І дәрежелі «Еңбек даңқы» белгісімен марапатталды. Ал, Атырау орман шаруашылығы мекемесі директорының орынбасары Қанат Жұмаханов пен құрманғазылық орманшы Максим Иманғалиев ІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» белгісінің иегерлері атанды.
Айгүл Социалқызы
Суретті түсірген:
Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ.